Қатігез бай мен тасбақа. Адамды тәубесіне келтіретін оқиға

Oinet.kz 09-01-2023 2442

Ертеректе бір бай кісі болған екен. Ол бай байыған сайын жаңа үйлер салады. Бірақ оған көңілі толмай биік үйдің құрылысын бастайды. Іші пысқан әлгі бай құрылыс барысында бау-бақшадан келе жатқан бір тасбақаны ұстап алып, батпақпен бірге илеп, тірідей кірпіш арасына қалап жібереді. 

Screenshot_9.jpg

Уақыт өте құрылыс аяқталып, зәулім үйіне кіреді. Көп ұзамай артынша аяқ астынан ауырып қалған әлгі бай, қанша емделгенімен дертіне шипа таппай, аяғынан жүре алмай, салданып,мүгедекке айналады. Ем қонбаған соң әлгі байды үйіне әкеледі. Күнделікті өмірі мүгедектер арбасында өтетіндіктен, оның көмекшілері арбаға салып, бау-бақшаға шығарып, серуендетуге шығарады екен. Бірде бай бақшада демалып отырып,үйдің жоғарғы дуалына ұшып-қонып жүрген бірнеше шымшықтарды көреді. Ол жерде ұя дейтіндей ұяда жоқ еді. Таңырқап қалған мүгедек бай, мұның сырын білу үшін көмекшілерін шақырып, әлгі дуалға шығып қараса, кірпіш сылағын басы сиятындай жарылған жерден қыстырылып қалған тасбақаны көреді. 

Әлгі шымшықтардың бірі су, бірі шөп, енді бірі жәндіктерді тұмсығымен тасып, әлгі қыстырылып қалған тасбақаға азық ретінде беріп жатыр екен. Мұны көрген мүгедек бай, кезінде өз қолымен батпақпен қоса сылап жіберген тасбақа екені есіне түсіп, арада қанша жылдар өтседе тасбақаның осы күнге дейін өлмей тірі қалғанына қайран қалады. Тез арада әлгі қыстырылып қалған тасбақаны босатып алып, бақшаға жібереді. 

Жаратушы Алла Тағала адамнан табылмаған мейірім мен қамқорлықты жануар екеш шымшықтарға беріп, тасбақаның өмірін жалғастырады. Мұны көрген әлгі байдың мейірімділік сезімі оянып, Алладан кешірім сұрап,көзіне жас ала отырып,қатты өкінеді. Себебі, тасбақаның дуал ішінде тірі болғаны болмаса, мүгедектен еш айырмашылығы жоқ еді. 

Алла да мейірімсіз әрі қатігез байды тасбақа сияқты кеудесінде жаны болғанымен жүре алмайтын мүгедекке айналдырған еді. Әлгі бай тасбақаны еркіндікке шығарған күннен бастап, ақырындап дертінен айыға бастайды. Күндер мен айлар өтіп әлгі бай дертінен толық жазылып, аяғымен жүретін күнге де жетеді. 

Бұл да Пайғамбарымыздың (с.а.у): "Мейірім етпегенге Алла да мейірім етпейді" деген сөзіне дәлел бола алады.

Операциядан шыққан әкенің айтқан алғашқы сөзі елді жылатты
Әлихан Бөкейхан ұлт көсемі емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу