«Білесің бе ағай, мен саған өлердей ғашықпын» деді қырсық қыз

Oinet.kz 09-01-2023 2553

Мен қаладағы колледждердің бірінде сабақ беремін. Жасым 38-де. Қысқасы менде не керектің бәрі бар. Жұмысыма автокөлігіммен таңғы 6-да шығатынмын. Бір бағытта көлік тоқтатып тұрғандарды қалаға өзіммен бірге алып келетінмін. Сондай салқын күздің күндерінің бірінде талғамды киінген өте әдемі бір қызды жол бойында такси ұстап тұрғанын көріп көлігіме отыруын өтіндім. 

Screenshot_5.jpg

Тал бойынан мін таппассың. Аяғы оқтай түзу. Қасы қап-қара. Көзі мөп-мөлдір. Белі бір қолыңа сыйып кететіндей. Өтінішімді қабыл алған бойжеткен асықпай көлігімнің алдына жайғасты. Етігінің бағасының өзі бір менің айлығыммен бірдей-ау. 

- Сабақтан қалып бара жатыр едім, тездетіп жеткізіп саласың ба, - деді қыз қос қолымен көлігімдегі салонның жоғары жағындағы айнаны аша көзін бояуға көшіп. 

- Мақұл қарындас, тез жеткізіп салайын, - дедім жылдамдығымды үдетіп. Қала ұзақ болған соң, жұмыс, сабақ туралы сөйлесе кеттік. Анда-санда қыздың жалтыраған қос санына еріксіз көзім түсіп кететінін де жоққа шығармаймын. Бірақ, арам ойымды адал ниетім басып кетті. Қыз мен сабақ беретін колледждің 1-ші курс студенті екен. Сабаққа жақында ғана барғанын айтты. 

- Неге соншама күн сабаққа бара алмағанын сұрағанымда:

- Әкем мен шешем көлік апатынан қайтыс болды. Қатты қайғырғаннан есімді енді жидым, - деді. Әжесімен бірге тұрады екен. 

- Сонда сен маған сабақ бересің ба не, - деді қыз тағы сенге көшіп. 

- Иә. Мен сенен әлдеқайда үлкенмін. Сіз дегенің дұрыс, - дедім сыпайы болуға шақырып. 

- Сен күнде осы уақытта шығасың ба, - деді қыз.

- Иә. 

- Онда колледжге бірге келейік та. 

- Мақұл.

- Ақшаңды төлеймін ғой, - деді қалтасынан 1000 теңге шығарып.

- Жоқ қажет емес, - деп алмай тұрып алдым.

Жұмысқа барарда қызды жолай алып кететінді әдетке айналдырдым. Кейде ерте, боянып отырып қалғандықтан кейде кеш шығатын. Еркекпін ғой, күттім деп қырсықпайтынмын. Колледжге екеуміз бірге келетінбіз. Маған үйренгені соншалықты кешке дейін мені күтіп бірге қайтатын болдық. Мен бойжеткенді үйдегі қарындасымдай көрдім. Тек ағалық сыйластығымды көрсеткім келді. Алайда, ол қыз маған ғашық болып қалған екен...

Бір күні таңертең жолға шыққанымда қыз көрінбеді. 

- Не боп қалды екен деп телефон шалып едім:

- Таңға жуық әжем қайтыс болды мен сабаққа бара алмаймын, - деді жылауымен жауап беріп. 

- Сен қайдасың, - деп едім, мекенжайын түсіндіріп айтып берді. Жұмысымнан сұранып, қыздың үйіне келдім. Кісілер келіп жатыр екен. Қызға қайғырып көңіл айттым. Алған айлығымның жартысын бердім. Жерлеуіне қатыстым. Колледж әкімшілігі мен курстастары да құр қол отырмай, қаржылай да рухани да жан-жақты көмектесті.

Кемпірдің қызы болған ерке бойжеткен әжесінің дүниеден өткенін көтере алмай, ауыр күйзеліске түсті. Сабаққа тек бірнеше күннен кейін ғана келді. Мен жиі хабарласып, рухани қолдау көрсетіп тұрдым. Бір өзі ғана тұрғандықтан, үйіне баруға ұялдым. 

Пәндер қатарына менің де сабағым қосылғандықтан, бойжеткен енді менің студентіме айналды. Менің дәрісімді ұйып отырып тыңдайтынын бүкіл аудитория қалжыңдап айтатын.

Оқу жылы аяқталар уақытта кешке бірге қайтып бара жаттық. Бір кезде бойжеткен ойбай деп тізесін ұстады.

Не боп қалды, - дедім көлікті дереу тоқтатып. Тізем қақсап ауырып кетті. Үйге өзім кіре алмайтын сияқтымын деді мені көтеріп апара аласың ба дегендей. 

- Қой ұят болады,  дедім әдейі істеп тұрғанын сезіп.

- Аяғым бастырмай қалды ғой енді деді қыз өтірік жыламсырап. Қырсық ерке мінезін ескердім. 

- Жарайды, - дедім бір кезде көліктің алдыңғы есігін ашып. Қызды көтеріп алдым. Сөмкесінен кілтті алып, есігін ашты. Үйі тап-таза жинақы екен. Үстелдің үстін жайнатып торт пен вино қойып қойыпты. 

- Жоқ, мені төсегіме дейін апар, - деді студентім одан сайын қырсығып. Көтеріп кіріп келе жатыр едім:

- Білесің бе ағай, мен саған өлердей ғашықпын, - деді қырсық қыз іштегісін жасыра алмай. 

- Мен сенің ағаңдаймын. Ұят болады, - дедім үйінен тез шығып кеткім келіп. 

- Ұят ештеңесі жоқ. Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Мен еркек атаулыны жек көретін едім. Тек сенімен ғана жүргім келеді деді мені төсегіне тартып. Вино ішіп, торт жеп, таңға дейін болайықшы, - деді галстугыма жармасып. 

- Кетіп қалсаң өзіме қол саламын, - деді қыз мені одан сайын қорқытып. Жалғыз қалғанымды, жалғыз тұратынымды білесің, тайып тұрсаң өзімді өлтіре саламын деді қыз виноны ұртап алып. 

Өгізді де сындырмас, бұқаны да өлтірмес үшін айлаға көшуге мәжбүр болдым. 

- Жарайды ашуланбашы, - деп үстелге отырдым. Көздегенім қызды мүмкіндігінше тез ұйықтатып кету еді. Виноны сілтеп отырғанын көріп тоқтата алмадым. Қыз

- Келші жатайықшы, - дегенде нәпсінің құрсауында қалып қойдым. Төсекке жақындап қалғанымда қыз маған үйдегі қарындасымдай болып елестеп кетті. Елестеген елес:

- Аға сізді жас қыздың абыройын ластайтын жексұрын оңбаған деп ойламаппын, - деп күбірлегендей болды. Аяқ-қолым қалтырап шешкен галстугымды қайта тағып ала қойдым да, костюмімді қайта киіп алдым. Қыз ішімдікті көтере алмай масайып, ұйықтап қалған еді. Есік ішінен жабылып қалатынын біліп, аяңдап сыртқа шықтым. Өмірі темекі тартпайтын едім, салонда бардачокта қалып қалған бір әріптестің темекісі есіме түсіп, сіріңкеммен тұтаттым. Темекі шегу арқылы өзімді сабырға шақырғандай едім. Жөтеліп, тұншығып жатып әрең шектім.

- Сәл қалғанда бір қыздың өмірін күл-талқан етер едім, - дедім дұрыс шекпеген темекімді табаныммен таптай өшіріп...

Сабаққа бармайтынын сезіп, таңертең қыздың үйіне қайтып келдім. Екеуміз ұзақ сөйлестік. Қыз менен кешірім сұрады. Мен сабағына көмектесетінімді айттым. Сабақты тастамауын өтіндім. Жанын салып оқуға көшті. Үздіктердің қатарынан көрініп, курстастары арасында беделі өсті. Колледжді бітіріп, диплом алар күніне арнайы барып қайттым. Сонда қырсық қыз:

- Рахмет сізге ағай, сіз менің өмірлік рухани ұстазымсыз, - деді маған бірінші рет «сіз» деп сөйлеп. Колледжен соң, Жоғары Оқу Орнына түсті. Кейін магистратура мен докторантураны да бітіріп, Астанаға үлкен қызметке орналасқанына куә болдым...

Түйін: қыздарды қарындасыңдай көр. Абыройлының абыройын айрандай төкпе. Не істесең де, сол арамдығыңның салдары өзіңе қайтып келмек.

Тайлақов Шерхан Тілепалдыұлы

Әзірейілдің шалғысымен жұмаққа баратын жолдың арам шөбін тазалады
Операциядан шыққан әкенің айтқан алғашқы сөзі елді жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу