Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кенет арт жағынан шыққан дыбысты естіп селт ете түскен темір ұстасы:
«Есікті неге тоқылдатып кірмейсің?»,-деп ашулы дауыспен айтып бұрылып қараса, алдында қара жамылғысын жамылып келіп тұрған Әзірейілді көріп, шошығанынан:
«Біттім, менің кезегім келді ме?»,-деп сұрап, саймандарын жинастыра бастапты.
«Мен сені алу үшін келген жоқпын, бірақ менің шалғымды жанып берші», - дегенде қорыққанынан сіресіп қалған ұста дірілдеген қолымен шалғыны алып қайрай бастапты. Шалғыны қайрап отырып, ол еріксіз:
«Мен қаншама адамның өмірін қиған бұл шалғыны қайрап отырғаныма сене алмаймын. Бұл әлемде дәл мұнымен салыстыратын ешбір қару жоқ?»,-деп айтып қалыпты.
Әзірейіл ақырындап жақындап келіп:
«Сіз не айттыңыз, қару дедіңіз бе?, Мені қанша адам өлтірді деп ойлайсыз?», -деп айқайлапты да, сосын бәсең дауыспен:
«Егер мен ешкімді өлтірмедім десем, сенбейсің, мен ешқашан ешкімді өлтірген жоқпын, бірақ сендер бір-біріңді өлтіресіңдер. Ақша үшін, өшпенділік үшін, билік үшін бір-біріңізді өлтіресіңдер. Сосын пайда табу үшін, жасалатын тағамдарың кесірінен, және өздерің жасап алған жаман әдеттерінің салдарынан теріс өмір сүріп, ауру жұқтырып өліп жатсыңдар. Ал мен өлтірмеймін. Біірақ бәрің мені кінәлайсыңдар»,-деді де, сәл кідіріп, қара жамылғысын көтерді де:
«Маған қара! Мен бұрын сендердің рухтарыңа гүл беріп тосып алып амандасып, жұмаққа, не тозаққа баратын жерлеріңе жеткізіп салатын әдемі сұлу қыз едім. Қазір мен қандаймын? »,-деп сұрапты.
Сұйық ақ шашы жан-жағына салбыраған, әжімді сұрғылт жүзін көрсетіп:
«Мені осы күйге түсірген сендерсіңдер. Мен анасы баласын өлтіріп жатқанын, ағасы інісін өлтіргенін, бір адам бір күннің ішінде жүздеген адамдарды өлтіріп жатқанын көремін. Мен болмайтын нәрсе болып жатқанын түсінбей айқайлаймын, жылаймын. Сондықтан да әдемі көйлегіме қан жұғып қалмасын деп, бүркемелі қара жамылғыға әдейі оранғаныма ешкім сенбейді. Мен қара бүркемемен жас жуып айғыздалған бетімді жасырамын. Сендер өз күнәларыңды маған жауып, мені қорқынышты құбыжық еттіңдер»,-деп шалғысын алды да:
« Жұмаққа апаратын жолды арам шөп басып қалған екен, соны шауып тазалауым керек! », - деп асығып шыға жөнеліпті.