Баспана сұраған босқындар көп
Жыл басынан бері Еуроодақ елдерінен 210 мыңнан астам адам баспана сұраған. Соның ішінде ең көп сұраныс Францияға түсіпті. Бұл туралы Bild сайты хабарлады.
Еурокомиссияның арнайы есебіне сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Германияда баспана сұраған өтініштердің саны өткен жылмен салыстырғанда 41% азайып, 37 мыңнан сәл асты. Баспана іздеушілер саны бойынша Франция бірінші орынға шықты. Онда 40 мыңнан астам өтініш тіркелген. Одан кейін 39 мың өтінішпен Испания тұр. Жылдың бірінші тоқсанында Словакияға небәрі – 37, Венгрияға 22 өтініш түсті. Германиядағы өтініш берушілер санының азаюына Сирияда Башар Асадтың биліктен кетуі маңызды рөл атқарды. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда Сириядан өтініштер 56% аз түскен.
Жалпы жылдың бірінші тоқсанында ЕО, Норвегия және Швейцариядан 210 мыңнан астам адам баспана сұраған. Босқындардың ең көп саны қазір Еуроодаққа 25 000-нан астам пана іздеуші Венесуэладан келеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 44% көп. Украинадан (84%), Қытайдан (87%) және Үндістаннан (56%) үміткерлер саны да артты.