Баға бақылауда

Oinet.kz 28-06-2024 98

image.png

Тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне күнделікті тұтынатын қарапайым тұрмыстық тауарлар ауадай қажет болса, оның ішінде азық-түліктің рөлі басым. Азық-түліктің бағасы қолжетімсіз болған жағдайда тұрмыстың құты қашары анық. Бүгінгі таңда Түркістан қаласында  азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне қатысты бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар тұрақты жүргізіліп келеді.  Шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жоғары болуына байланысты шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жолымен сатып алу бағасының он бес пайызынан аспауы бойынша тиісті іс-шаралар қабылданған. Атап айтқанда, ақпаратты тауар өндірушілердің, сауда субьектілерінің және жергілікті тұрғындардың назарына жеткізу үшін жадынамалар мен қоғамдық мониторинг жасау алгоритмі ұсынылған. 

Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан  15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы  25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК,  ЖШС «Ет»  комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген. Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі  сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.

Өткен  жылы  қалада қаңтар-желтоқсан айына шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 миллиард  168,0 миллион теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі  11,4 пайызды құрап, 2 орында. Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда  23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары  тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда  109,7 пайызды  құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі  49,9 пайызды  құрап, 1 орында. Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 миллион теңге, нақты көлем индексі 110,8 пайызды  құрады.  Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап,  аудан мен қалалар бойынша 1 орында.

Сынбайтын үстелімен танылған кәсіпорын
Путин тұтқындалған жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу