Индустриалды аймақта қызу тіршілік бар
Түркістан қаласында 2023 жылы жалпы құны 4,9 миллиард теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 миллион теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 миллион теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 миллион теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1миллиард 500 миллион теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 миллион теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3-ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 миллион теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 миллиард теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған.
2023 жылы арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 миллиард 500 миллион теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 миллиард 200 миллион теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 миллион теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 миллион теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 миллион теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 миллиард 740 миллион теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 миллиард 540 миллион теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.
Туризм саласындағы қала аумағында іске қосылған қонақ үй жобалары: «Qas saq mini hotel», құны 200 миллион теңге, төсек орын саны – 12/24, 6 адам жұмыспен қамтылған. «Turan», құны 86 миллион теңге, төсек орын саны -10/20, 9 адам жұмыспен қамтылған. «Mai-Bulaq» құны 95 миллион теңге, төсек орын саны -10/25, 6 адам жұмыспен қамтылған. «ЯССЫ» (реконструкция), құны 100 миллион теңге, төсек орын саны – 34/67, 11 адам жұмыспен қамтылған. «Шапағат», құны 74 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 8 адам жұмыспен қамтылған. «Павлин», 150 миллион теңге, төсек орын саны – 8/22, 11 адам жұмыспен қамтылған.
2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда. «Махатов» ЖШС ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасы; «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысы; Бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 3,4 миллиард теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» ЖШС, «Гүлзада» ЖК, «Туран Мебель БК» ЖШС атты 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК, ЖШС «Ет» комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген. Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.
Өткен жылы қалада қаңтар-желтоқсан айына ШОК субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 миллиард 168,0 миллион теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 11,4 пайызды құрап, 2 орында. Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда 23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,7 пайызды құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 49,9 пайызды құрап, 1 орында. Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 миллион теңге, нақты көлем индексі 110,8 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 1 орында.
Түркістан қаласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында 355,8 миллиард теңгені құрады. Жоспар – 348,9 миллиард теңге, орындалуы (111,9 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджет 59,1 миллиард теңге (16,6 пайыз), жергілікті бюджет 88,3 миллиард теңге (24,8 пайыз), жеке инвестиция 202,1 миллиард теңге (56,8 пайыз), сондай-ақ жалпы 6,2 миллиард теңге (о.і. басқада қарыз қаражаты есебінен 4,8 миллиард теңге (1,3 пайыз, банк кредиттері 1,4 миллиард теңге (0,4 пайыз) тартылған. Жалпы инвестиция бойынша облыстағы қаланың үлесі 36,6 пайызды құрап, аудан, қалалар бойынша бірінші орында.