Назарбаев: «Қарттар үйіндегі қазақтың қарияларын көргенде көңілім құлазиды»
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан жиында жастарды ата-аналарына құрмет көрсетуге шақырды. Президент қазақта туған ата-анасын қариялар үйіне өткізіп, балаларды жетімдер үйіне беру деген бұрын-соңды болмаған айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Елбасы жастарға әсіресе ұлттық салт-дәстүрімізді ұмытпауға кеңес берді.
"Ата-бабабыздан қалған дәстүрлер бар. Батысқа еліктеп, демкорат боламыз деп оны ұмытып кетпеу керек. Қарттар үйіне барғанда қазақтың қариялары, шал-кемпірлерін көргенде көңілім құлазып, жүрегім ауырады. Қазақта бұрын-соңды ондай болмаған. Қазақта керісінше кіші баласы – отау иесі болады деген. Баласын жетімдер үйіне беру деген де қазақта болмаған. Сондықтан, жетімдер үйіндегі балаларды асырап алу керек. Ол Аллаға да, адамға да үлкен сауап", - деді Елбасы.
Сонымен бірге мемлекет басшысы жастарға өмірден түйген тәжірибесімен бөлісіп, аталық ақыл-кеңесін де айтты.