Майкл Бэй Наурыз мейрамында Түркістанға келіп ет жеп, қымыз ішуі мүмкін

Oinet.kz 29-01-2020 953

загружено.jpg

«Трансформеры» франшизасын түсіріп танымал болған АҚШ режиссері Майкл Бэй ақыры Түркістанға келуге ниет етті деп хабарлайды Oinet.kz. 

Кеше шаһар басшысы Рашид Абатұлы Майкл Бэйдің парақшасындағы соңғы жазбаға пікір қалдырады. Мұнда әкім режиссерге «6 Underground» фильміндегі диктаторлық режимдегі «Тургистан» мемлекеті Түркістан қаласының имиджіне нұқсан келтіретіні жөнінде айтып, оны Қазақстанның рухани астанасының шынайы бет-бейнесімен таныстыру үшін Түркістанға шақырады. Көптен бері жауап бермей жүрген Майкл Бэй ақыры бұл ұсынысты қабыл алып, Рашид Абатұлынан қай күні келу керектігін сұрады. Қала әкімі режиссерді Наурыз мерекесі қарсаңына шақырды. Енді алдағы уақытта Майкл Бэй расында Түркістанға келіп, киіз үйде Наурыз көжеден дәм татып, ет жеп, қымыз ішіп, шапан жамылуы әбден мүмкін. 

0f657536-3dad-478d-96ef-924d6c5f7062.jpg

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында әлемдік кинопрокатқа Майкл Бэй түсірген «6 Underground» шыққан болатын. Фильмде дикьаьор басқаратын мемлекетке «Тургистан» атауы берілгеніне киелі шаһар басшысы Рашид Аюпов өз пікірін білдірді.

– Бұл жазбаны Түркістан мэрінің атынан жазып отырмын. Сіздің соңғы «6 Underground» фильміңізге алғысымды білдіргім келеді. Бұл туындыда «Түргистан» мемлекеті басты назарда болған көрінеді. Мемлекеттің атауы біздің қаламыздың атына өте ұқсас екен. Қазақстанда Түркістан деп аталған қала шын мәнінде бар. Фильмді көрген халық біздің қаламыз жайлы теріс пікір қалыптастыратыны анық. Сонымен қатар бұл фильм біздің мемлекетімізде жаппай талқылануда. Айтқым келгені, Түркістан қаласы "Түргістан" мемлекетінен едәуір ерекшеленеді. Біздің қаламыз республикамыздың рухани астанасы болып табылады, - деп жазды қала әкімі. 

Сұхбат беруге дайындалып жүрген Bek Air-дің екінші пилоты қайтыс болды
Атырауда Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу