Мұхамеджан Тазабековке қатысты тексеріс жұмыстары басталды
"Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқыған дәрісінен кейін тексеріс басталды. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары бар. Олар әртүрлі кездесулерге қоғам қайраткерлерін шақырады. Біз қазір бұл кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның форматы мен мазмұнын тексеріп жатырмыз. Кейін бәрін саралап, баға беріп, шешім қабылдаймыз", - деді Калайчиди сенат кулуарында.
Мұхамеджан Тазабекті мамандандырылған күзет қызметі басқармасы шақырған.
Содан айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің полицейлермен кездесуінде сөйлеген сөзі желіде тарап, біраз адамның ашуын туғызған еді. Қазақстандықтардың пікірінше, ақын полиция мен армияны халыққа қарсы айдап салып отыр. Осыдан кейін Тазабек желідегі парақшасында өзін сынап-мінегендерге жауап берді.