Сайрам ауданында ардагерлер мен ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетілді

Oinet.kz 30-06-2026

Screenshot_14.jpg

Сайрам ауданында елдің берекесі мен бірлігін сақтауға үлес қосып жүрген ардагерлер мен ауыл ақсақалдарына арналған тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараны “Ауыл” партиясының Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы ұйымдастырып, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетті.

Кездесу барысында ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесі, олардың өмірлік тәжірибесі мен жастарға берер өнегесі туралы айтылып, жылы лебіздер білдірілді.

Жиын соңында қоғам игілігі жолында белсенділік танытып жүрген бірқатар ардагерлер мен ауыл ақсақалдары “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерекелік төс белгісімен марапатталды.

Бұл шара – үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды басқосу болды.

Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің рухына тағзым жасалды
Отырар ауданында «Мен Отанымды қорғаймын» атты семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу