Отырар ауданында «Мен Отанымды қорғаймын» атты семинар өтті

Отырар ауданында әскери қызметшілердің патриоттық рухын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті насихаттау мақсатында «Мен Отанымды қорғаймын» атты семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Ауыл» партиясының Отырар ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Есенбаев Нығмет Сейітұлы өткізді.
Семинар барысында Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені, әскери қызметтің маңыздылығы мен ел тыныштығын сақтаудағы сарбаздардың рөлі кеңінен айтылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ой бөлісті.
Ел қорғаны – ертеңгі ұрпақтың бейбіт болашағының кепілі.


