Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің рухына тағзым жасалды

Бүгін Қостанай қаласында “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық кешеніне барып, ұлы ағартушының рухына тағзым етті.
Сапар барысында Төрегелді Оразалыұлы қазақтың көрнекті педагогы, ағартушысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің ел тарихындағы орнына тоқталып, оның білім мен ғылымды дамыту жолындағы еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы – жас ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің мәңгілік үлгісі. Ұлы тұлғаның өнегелі жолы бүгінгі ұрпақ үшін үлкен рухани құндылық болып қала береді.


