Халықаралық түйе күнімен құттықтады

Oinet.kz 30-06-2026

Screenshot_12.jpg

Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Түйе шаруашылығы және өндірістік бөлімінің меңгерушісі Ермаханов Мейрамбек Нысанбекұлын Халықаралық түйе күнімен құттықтады.

Құттықтау барысында түйе шаруашылығының ауыл шаруашылығы саласындағы маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтаудағы орны және осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігі атап өтілді.

Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы Мейрамбек Нысанбекұлына еңбегіне табыс, ғылыми ізденістеріне сәттілік, отбасына амандық және еліміздің аграрлық саласының дамуына қосар үлесіне толағай жетістіктер тіледі.

Түйе шаруашылығы – халқымыздың дәстүрлі мал шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі. Осы саланы дамытуға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.

Сауран ауданында партия активімен кездесу өтті
Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің рухына тағзым жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу