Сауран ауданында партия активімен кездесу өтті

“Ауыл” партиясы Сауран ауданының Ескі Иқан ауылында партия белсенділерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылып, «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасы Т. Қалмұратовтың 2026 жылғы 8 маусымдағы №6 бұйрығы негізінде Сауран аудандық аумақтық ұйымы төрағасының орынбасары болып тағайындалған Шарапов Хусан Абдужаббарұлы таныстырылды.
Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылында өткен жиналыстың 2026 жылғы 20 маусымдағы №1 хаттамасына сәйкес, Мирсаид Сабритдинұлы Юлдашев «Ескі Иқан» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланды.
Кездесу барысында партияның алдағы міндеттері, ұйымдық жұмыстарды жетілдіру және ауыл тұрғындарымен байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
#АуылПартиясы #СауранАуданы #ЕскіИқан #ТүркістанОблысы #AuylPartiyasy #БПҰ #ПартияАктиві


