Түркістан қаласында медицина қызметкерлеріне арналған құттықтау шарасы өтті

Шара барысында “Ауыл” партиясының Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы медицина саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжолтай тілегін білдірді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар медицина қызметкерлеріне “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерейтойына арналған төс белгілері табысталып, партияның Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шарада медицина қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлі, халық денсаулығын қорғау жолындағы еңбегі ерекше атап өтіліп, сала мамандарына зор денсаулық, қажырлы еңбек және отбасылық амандық тілектері айтылды.


