Қымызхана ғимаратында ардагерлермен кездесу өтті

Бүгін «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Төрегелді Оразалыұлы Қалмұратов партия белсенділерімен бірге Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылдық округіндегі ардагерлер бас қосатын Қымызхана ғимаратында ауыл ақсақалдары, батыр аналар, зейнеткер ұстаздар және ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен кездесті.
Кездесу барысында ұлттық дәстүріміздің көрінісі саналатын қымызмұрындық рәсімі өткізіліп, аудан мен ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, тұрғындарды толғандырған мәселелер мен алдағы жоспарлар кеңінен әңгіме болды.
Жылы жүздесу барысында аға буын өкілдері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ел бірлігі мен ауылдың дамуына қатысты ой-пікірлерін жеткізді. Өз кезегінде аудан ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақ сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге және қоғамдағы бірлікті бекемдеуге қызмет етеді.
#АуылПартиясы #ТүркістанОблысы #Қазығұрт #Жаңабазар #Қымызмұрындық #АрдагерлерКездесуі


