«Ауыл» партиясы мен "Ардагерлер ұйымы" бірлесіп цифрлық сауаттылық семинарын өткізді

2026 жылғы 5 маусымда Астана қаласында «Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев пен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов қол қойды.
Осы меморандум аясында Түркістан қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Ардагерлерге арналған цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект негіздері» атты семинар өтті.
Іс-шараға «Ауыл» партиясының Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы және ардагерлер қатысты.
Семинар барысында «Turkestan Hub» менеджері қатысушыларға жасанды интеллекттің негізгі мүмкіндіктері, заманауи цифрлық құралдарды пайдалану жолдары бойынша базалық оқыту жүргізді.
Кездесудің мақсаты – ардагерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасау және жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейту.


