Бүгін Шымкент университетінде маңызды кездесу өтті

Oinet.kz 30-06-2026

Screenshot_7.jpg

Кездесуге “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы және аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы қатысты.

Кездесу барысында Шымкент университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлымен жүздесіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ университет ұжымының түрлі салада еңбек етіп жүрген қызметкерлері – дәнекерлеушілер, тазалық мамандары, оқытушылар және басқа да еңбек адамдары партияның 25 жылдық мерейтойына орай арнайы төс белгімен марапатталды.

Еңбек адамын құрметтеу, олардың еңбегін бағалау – “Ауыл” партиясының басты бағыттарының бірі. Әр саланың мамандарына қолдау білдіру арқылы қоғамдағы еңбек мәдениетін нығайтуға үлес қосамыз.

Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу өтті
«Ауыл» партиясы мен "Ардагерлер ұйымы" бірлесіп цифрлық сауаттылық семинарын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу