Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу өтті

Бүгін Сарыағаш ауданында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу форматындағы жиналыс өтті.
Жиынды «Ауыл» партиясының Сарыағаш ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Келесұлы Салыбек жүргізді.
Кездесу барысында партияның алдағы жоспарлары мен негізгі бағыттары талқыланып, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, халықпен байланысты күшейту және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, ұйым төрағалары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттер жөнінде ой бөлісті. Жиын соңында партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар беріліп, нақты міндеттер айқындалды.
«Ауыл» партиясы өңір тұрғындарының мүддесін қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.


