Төрағалармен кездесу форматындағы жиналыс өтті

Бүгін Түркістан қаласында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу форматындағы жиналыс өтті. Жиынды "Ауыл" партиясының Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы жүргізді.
Кездесу барысында партияның алдағы жұмыс жоспары, бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру, халықпен байланысты нығайту және өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, БПҰ төрағалары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер тыңдалып, алдағы кезеңге арналған бірқатар міндеттер белгіленді.
Жиын соңында қатысушылар партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.


