Тағылымды кездесу өтті

Бүгін Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде ардагерлерді ардақтау, үлкенге құрмет көрсету мақсатында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараға "Ауыл" партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, өңірлік филиал кеңесшісі Қалдыгозов Нартай Әшірбайұлы және Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымның төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы қатысып, ел ағасы Анартаев Ахмеджан атамыздың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Көпті көрген қарияның қоғамдағы орны мен өмірлік тәжірибесіне тағзым ретінде Ахмеджан атаға "Ауыл" партиясының 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгі табысталды. Сонымен қатар, атамызды ақ мамыққа бөлеп, денсаулығына қамқорлық жасап отырған келініне де ризашылық білдіріліп, партияның 25 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
Үлкенді ұлықтау – ұлт тәрбиесінің өзегі. Ардагерлеріміздің ақ батасы мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болмақ. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
#АуылПартиясы #25жыл #АрдагерлердіАрдақтайық #СайрамАуданы #ТүркістанОблысы #ҮлкенгеҚұрмет #Қарабұлақ #АуылПартиясы25жыл


