Партияның кадрлық әлеуетін нығайту бағытындағы қабылдау өтті

Бүгін Ауыл партиясының Түркістан облыстық өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Төрегелді Оразалыұлы Қалмұратов және филиал аппаратының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Нұрмаханбетұлы Әжіметов партияның кадрлық резервін қалыптастыру және жаңа кадрларды даярлау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында партия жұмысына белсенді араласуға ниетті азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, олардың қоғамдық-саяси қызметке қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, жастарды партия қызметіне тарту, білікті кадрларды іріктеу және олардың кәсіби әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласатын, ел дамуына үлес қосатын жаңа буын кадрларын қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді.
#АуылПартиясы #ТүркістанОблысы #КадрлықРезерв #ҚоғамдықҚабылдау #МәслихатДепутаттары #ЖастарСаясаты


