Қаржы вице-министріне сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Oinet.kz 05-02-2026

Қазақстанның қаржы вице-министрі Дәурен Кеңпейілге 78 640 және 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Лауазымды тұлғаның айыппұл арқалауына сотты құрметтемеу және сот актісін орындамау себеп болған. 

Screenshot_3.jpg

Мәліметке сәйкес, бұл істің басталуына мемлекеттік сатып алу себеп болған. Жеткізуші конкурсқа қатысты құжатпен келіспей, сотқа жүгінген. Іс жарты жылдан астам уақытқа созылған. Алайда сот кәсіпкердің пайдасына шешім шығарып, Қаржы министрлігіне заң бұзушылық жасамау туралы ескерту айтылған.

Мұндай жағдайда сот мемлекеттік органның атына жеке ұйғарым шығарып, нақты шаралар қабылдауды талап етеді. Ең бастысы атқарылған жұмыс туралы сотқа есеп беру міндетті. Бірақ Қаржы министрлігі бұл жеке ұйғарымға мән бермей, белгіленген мерзімде сотқа ешқандай есеп тапсырмаған.

Әкімшілік сот жауаптың болмауын сотты құрметтемеу және сот шешімін орындамау деп есептеген. Істер Жаңа жыл қарсаңында қаралып, мемлекеттік сатып алуға жауапты вице-министрден сұралған. Алайда ол нақты жауап бере алмаған. Осылайша вице-министрге 20 және 50 АЕК (2025 жылмен: 78 640 және 196 600 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Қаңтардың соңында Дәурен Кеңпейіл бұл айыппұлдарға шағым түсіруге тырысқан. Алайда ол жеке өзі емес, Қаржы министрлігінің мүддесін қорғайтын заңгер арқылы әрекет еткен. Сот министрлік пен вице-министр бір тұлға емес екенін, айыппұл жеке Дәурен Кеңпейілге салынғанын айтып, уәжді қабылдамаған. Сот айыппұлдарды төлеуді талап етіп отыр.

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу