Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалады

Oinet.kz 05-02-2026

photo_5197334728439172776_y.jpg 

Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалуы мүмкін. Бұл орынға Мұхтар Қожаев келуі мүмкін. Бұл туралы шымкенттік адвокат Талғат Есімов фейсбуктегі парақшасында жазды.

Мұхтар Қожаев ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Маңғыстау облысында бастаған. 2023 жылдан бергі аралықта ол Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне жетекшілік етіп келеді. Жаңа басшыны министр Ержан Саденовтың өзі келіп таныстыратын көрінеді.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Алмасбеков қызметінен осыдан екі апта бұрын мегаполисте 21 жастағы бойжеткеннің қасақана кісі қолынан қаза табуына байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерулерден кейін кеткен болатын.


Сарыағашта негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу