Үйге басып кіріп, үй иелерін қорқытқан

Oinet.kz 30-01-2026 53

Алматыда заңсыз іс-әрекеттер жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

Тергеу материалдарына сүйенсек, бірнеше адам тұрғын үйге заңсыз кіріп, иелеріне күш қолданып, өз талаптарын орындатуға тырысқан. Күдіктілер атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған. 


"Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысқа қатысы барлар ұсталды. Қауіп төндіретін заттар заңсыз айналымнан тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.


Шығыс Қазақстан облысында екі шенеунік ұсталды
«Күйзеліске түсіп, инсульт алған»: 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу