Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Конституциялық сот судьясы Еркін Оңғарбаев Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау ұсынылды.
— Комиссия мүшелері сөйлеген сөздерінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы емес, жаңа Конституция туралы айту қажет деген пікір айтылды. Құқықтану саласында ұзақ жыл бойы ғылыми зерттеулермен айналысып келе жатқан құқық профессоры ретінде аталған ұстанымды қолдағым келеді, — деді ол.
Судья бұл пайымын заңның талабы ретінде сипаттады.
— Қолданыстағы заңнама бойынша нормативтік-құқықтық актіге жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде оның жаңа редакциясы қабылданады. Қазіргі уақытта Конституцияның 77 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Бұл Конституция мәтінінің 80 пайызынан астамын қамтиды. Конституция — мемлекеттің Ата заңы, нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түріне жатады. Осыған байланысты біз қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы шешім қабылдауымыз қажет, — деді Еркін Оңғарбаев.


