Қазақстандық спортшы үздіктердің қатарына енді

Oinet.kz 29-01-2026 40

Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы негізгі кезеңнің үздік қақпашылары тізіміне енді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg


UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысқан командалар қақпашыларының сейвтер саны бойынша жарияланған ресми статистикаға сәйкес, Темірлан Анарбеков көшбасшылар қатарынан көрінді. Сегіз турдың қорытындысы бойынша ол 36 сейв жасап, барлық қатысушы қақпашылар арасында үшінші орынға жайғасты.

Рейтингтің көш басында норвегиялық «Бодо Глимт» клубының ресейлік қақпашысы Никита Хайкин (49 сейв) тұр. Екінші орында мадридтік «Реалдың» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа (41 сейв). Ал Темірлан Анарбековтен кейін аргентиналық Хиронимо Рулли («Марсель Олимпик», 36 сейв) және чехиялық «Славия» клубының қақпашысы Йиндржих Станек (34 сейв) орналасқан.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің алғашқы екі турында «Қайрат» сапында өнер көрсеткен қақпашы Шерхан Қалмұрза 11 сейв жасаған.


Түркістан облысында демографиялық ахуал мәз емес
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 қаңтарда Астанадағы Сарайшық көпірінде болған жол-
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу