Бастарбек Пірімбетұлы тікелей эфирде сұхбат берді

Oinet.kz 01-06-2021 684

Screenshot_9.jpg

Қоғам қайраткері, мәдениет саласының ардагері Бастарбек Пірімбетов "Antikor-LIVE" жобасы аясында тікелей эфирде сұхбат берді. Бастарбек Пірімбетұлы сұхбат барысында "Адалдық, парасаттылық құндылықтары" тақырыбы шеңберінде сауалдарға жауап беріп, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жолында атқарған жұмыстарымен бөлісті.

Бастарбек Пірімбетұлы алдымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында жергілікті кітапханаларда, музейлерде және көптеген мәдениет ошақтарында "Парасат" орталықтарының ашылғанын жеткізді. Әр орталықтың басшысы тағайындалғанын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлер барын айтты. 

"Жалпы музей мен кітапхана егіз деген ұғым болып, осы саланың азаматтарының бәрі үндеу қабылдаған жағдайы да болды. Бір ғана мақсат - елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Орын алған соң жұмыс жасағаннан көрі болдырмауға тырысуымыз керек. Сондықтан осы бағытта көптеген жұмыстар жасалынып жатыр", - деді кәсіподақ төрағасы.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

«Келін күң емес»: Меруерт Түсіпбаева Айжұлдыздың ажырасқанын қолдады
Айгүл Қосанова: «Тұңғышымның өліміне өзімді кінәлаймын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу