2020 жылы қандай өзгеріс болады?
Тоқты ұзақ күткен өзгерістерді қабылдауға әзір. Өміріне ене бастаған мақсаттары мен арманының жетегіне ілеседі. Тап қазір тура сізге қызмет ете бастаған кезеңді түсініп, сезінеді. Кәсіби саладағы істер жеміс әкеледі, жаңа бағытта жұмыс істеп, жаңа дүниені меңгереді. Біліктілігін жетілдіреді. Диплом алып, серитификат алып, ол сізге үлкен мүмкіндіктер әкеледі. Жаңа жылда жаңа қызметке баруыңыз мүмкін. Бұрынғы серіктестермен бірге істейтін жұмыс болуы мүмкін. Кәсіби рөліңіз көпшілік алдында болуға міндеттейді. Жастар өзіне жаңа дос табады. Ортақ қызығушылығы бар одақ құрылуы мүмкін. Басқаларында қызметтік роман болуы ықтимал. Қаржы мәселесі тұрақты болады. Отбасылық қарым-қатынас енді сізге маңызды болады.
Торпақ туған-туыстарының проблемасына басқасынан гөрі көбірек алаңдайды. Өзгерістер мен күтпеген оқиғалар мазалайтын болады. Біреудің тұрақсыздығы да мазасын алады. Сонымен қатар тыныш өмір сүру үшін жақын адамдарының ұстанымын қабылдауға тырысады. Жаңа жылда тағдырдың еркесі болады. Бақытты жағдайдағы адамдардың қатарына енеді. Айналасындағылар қызығып, көре алмауы мүмкін. Анда-санда өзі туралы өсек-аяң, сыпсың сөздерді естиді. Осы жыл өз ұстанымын бекітетін жыл. Творчестволық өсу жағынан да, кәсіби жағынан да. Беделді серіктесті өзіне қаратады. Серіктестік қатынас қай жағынан болса да сәттілік әкеледі. Айтылатын сөздер, қойылатын қолдар,парольдер өте маңызды болмақ, солармен өміріндегі маңызды оқиғалар байланысты болмақ. Отбасында жаңа туысқан пайда болады.Демалысқа қатысты сапарлар күтіледі. Жаңа жылда махаббатта жолы болады.
Егіздер жұмыс бағытын өзгертіп, жаңа мамандықты игеріп, жаңа іс бастағысы келеді. Құмар, адуынды, табанды болады. Кейде алға ұмтылысының белсенділігнің күштілігі сондай, тіпті кейбір адамдар сізден қорқатын болады. Жаңа 2020 жыл өзгерістер мен жаңалықтарға ғана толы болмақ, сонымен бірге өмірдің жаңа кезеңіне жол ашылады. Көбісі көшу идеясымен бірге, оны тіпті жүзеге асыра алады. Көп жол жүреді, сапарға шығады. Жаңа достар пайда болады. Араласатын достары нақты және таңдулы болмақ. Осы жылда мүлікке қатысты мәселе жетістікке әкеледі. Туыстармен байланыс өзгереді. Жаңа жағдайға үйренеді, жаңа жауапкершілікке үйренеді, қосымша міндет жүктеледі. Қаржы мәселесі жақсарады. Жүрегі жаңа махаббатқа дайын болады.
Шаян кәсіби міндеттерді басты назарында ұстайды. Бұрынғы жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздейді. Тәуелділіктен, кәсіби серіктестіктен құтылуға тырысып, бар жағынан тек өзіне ғана сенім артады. Көбісі қосымша ақпаратты қамтып, қажетті бағытта біліктілікті меңгеруге ұмтылды.Материалдық аспект бағыттаушы жұлдыз болады. Бар күшін алдына қойған мақсатын орындауға жұмсайды. Сөйтіп қаржы мәселесін жақсартуда бірқатар жеңіске жетеді. Сонымен қатар жұлдыздар көрінген адамға сенбеуге кеңес береді, адамға ғана емес, мәртебеге, атаққа, қызметке. Бірдемеден көңілі қалады. Жаңа жылда материалдық жағынан табысты ұсыныс түседі. Келісім жасап, рәсімдеп, қосымша табыс табады. Мүлік мәселесі сәтті шешіледі. Сапарлар жақсылыққа жетелейді. Жеке өмірдегі тұрақтылық өзін мықты бекіністе жүргендей сезім сыйлайды.
Арыстан жағдайын жақсартуға, өмірін жөндеп, реттеп, өзгеріс жасауға, үйін жақсартуға тырысады. Көбісі осы жылда көшіп, үйреншікті өмірін өзгертеді. Әлеуметтік мәртебесін ауыстырады. Қысқасы, кез келген жағдай таңсық болмайды. Маңызды сұрақтарды шешуде ішкі түйсігімен таңдау жасайды. Қателік жібермейді. Жоспарларының көбісі орындалады, әсіресе кәсіби салада, жинаған нәрселері мен меңгерген дүниесі іске асырылады. Ішкі дүниесін өзгертетін кезең туды. Көбінесе өзі туралы ойлайды, осы уақыттағы өзінің рөлін, рухани міндеттерін ой таразысынан өткізеді. Көбісі артық салмағынан арылады, жаман әдетінен арылады, өзіне жамандық әкеліп, қинаған жағымсыз адамдардан құтылады. Сонымен қатар ақшасынан да айырылады. Ақша түспей жатып, оны жұмсап тастаумен болады. Сондықтан әмиянын ақшаға толтыру мәселесі өзекті болады. Қимылы шапшаң, таң қалдырарлық және тәуелсіз болады. Сізді түсіну, ниетіңізді ұғу, тәрбиелеу басқаларға қиын болады.
Бикеш өзінің дәстүрлі консерватизмінің салдарынан тым бірбеткей болып көрінуі мүмкін. Өзге адамдар оның ұстанымын, көзқарасын түсінбеуі мүмкін. Бикеш шынайы өмірден алшақ болады. Өзінің ойындағы нәрсеге ғана сенеді. Сонымен бірге өз ойын нақты айта алмайтын және сөзінде тұрмайтын адамдарды келемеж етеді. Сіз тіпті жанындай жақсы көретін адамдарға да сенбейсіз. Осының бәрі сайып келгенде жаныңызды мазалауы мүмкін. Осы жылы өзгеріс идесын асқан сақтықпен қабылдайсыз. Тіпті үйреншікті өмір салтынан сәл ауытқысаңыз, соған дегбіріңіз қашады. Бірақ алға қойған мақсаттарыңыз, егер оны нақтылап айқындасаңыз, ол батыл және радикалды. Бірақ оны тап қазір жүзеге асыруға дайынсыз ба? Міне, мәселе сонда. Сіз әрдайым өткен күнді ойлайсыз, сондықтан бәрін кейінге қалдыра бересіз. Ал жеке өмірде тек өз ойыңызға сене бермей, қасыңыдағы адамға да сенім артқаныңыз жөн.
Таразы күдік келтірген адамдардан аулақ болуға тырысады. Олардан қашады. Жиі қатал боласыз, мінезіңізді көрсетесіз, бәрінен хабардар екеніңізді және жылдам шешім қабылдауға дайын екенңізді көрсетесіз. Айналаңызда өсек-аяң, жасырын күрес болады. Жеткен жетістігіңіз ұстанымыңызды әлсіретеді, ол қарсыластарыңызға жақсы мүмкіндік беруі береді. Бұл жылы жаңа мамандықты игересіз, бағалы және ұзақ күткен құжатқа қол жеткізесіз. Еркіндікті сезінесіз. Яғни, еркін әрекет жасайсыз. Өз бағдарламаңыздың аясында бірқатар нәтиже көресіз. Қызығушылық танытқан серіктестеріңізбен бірге маңызды жобаны аяқтайсыз. Байланысты бекітесіз, шығармашылыққарым-қатынас орнатып, ыңғайлы серіктестермен жақындасасыз. Жеке талпынысыңыздың арқасында әрдайым еңбектеніп, үлкен жеңістерге қол жеткізесіз. Қаржы мәселесін шешесіз. Отбасылық қарым-қатынас маңызды болмақ. Өзіңіз кезінде басты ереже деп санаған дүниеңізді өзгерте алмайсыз. Оны өзіңіз орнатқансыз. Сондықтан қанша сезіміңіз болса да, еш нәрсе өзгерте алмайсыз, жеке өмірде.
Сарышаян кәсіби қарым-қатынастарды нығайтып, біліктілік қызметке бар назарын аударады. Әрдайым ізденісте, талпыныста болады, ішіндегі идеяларын жүзеге асырудың бар мүмкіндігін іздейді. Бұрыннан таныс одақтас, ол шетелден болуы да мүмкін, сол адамнан жақсы ұсыныс түседі. Көшу мәселесі де көтерілуі мүмкін. Бірлескен жобаны жүзеге асыру мақсатында жолға көп шығасыз. Бұл жылы өзіңіздің дұрыс әрекет етіп жүргеніңізді дәлелдейсіз. Көп жылғы мақсаттарыңыз айқындалады. Түр-келбетіңіз маңызды рөл атқаратын болады, жеке басыңыздың артықшылықтары да. Өзіңіздің танымалдылығыңыз табыс әкелуі мүмкін. Біреудің көмегінсіз, өзіңіз ғана қол жеткізген дүниеге жұрт көңіл аударады. Өзгелерге үлгі боласыз. Осы жылғы кездесулер тағдырыңызға өзгеріс әкелуі мүмкін. Тіпті бұнда мистика болуы да ғажап емес. Таңғажайып өзгерістер қазірден бастап жүзеге асырыла бастады деуге болады.
Мерген қалтқысыз, өте маңызды қарым-қатынастарды сақтап қалады. Көп нәрсеге тиіскізбей, түрткізбей, сараптамаға салғызбай қызғыштай қорғайсыз. Бұндай ұстаным көптеген мергенге тән болмақ. Бірақ ол отбасында, жұмыста, достарыңыздың арасында қолдау таппаса да... Біреуді ұнатып, соны таңдап алып, жан-тәніңізбен қорғап, жұртқа соны жария етіп көрсетесіз. Әрине, ол жұртқа ұнамауы мүмкін. Жұмысыңызда ережелерді өзгерте алмайсыз, оны сізден пысық адамдар орнатқан. Бәсекелестік артады. Өз ұстанымыңызды әрқашан дәлелдеп, басқа тәсілді де қолданасыз. Жұмысқа қатысты сапарлар күтілуде. 2020 жылы көп нәрсе өзгереді. Қарыс-қатынаста да. Бұрыннан дос болған адаммен жолыңыз айырылады. Туыстар арасында да өзгеріс бар. Біреуді ұзақ сапарға шығарып саласыз. Қаржы мәселесінде бәлендей өзгеріс жоқ. Тұрмыста көп күш-жігер анытуға тура келеді. Сезіміңізді жасыруға мәжбүр боласыз.
Тауешкі өзіне нық сенімді. Ұтанымыңыз тұрақты және мықты. Бірақ болып жатқан нәрсеге көңіліңіз толмайды. Жақын туыстарға қатысты мәселеге алаңдайсыз. Оларға ақыл-кеңес айтып, қолдау көрсетіп, олардың ниетіне ықпал етуге тырысасыз. Жаңажадайда жиі боласыз, өз бастамаңызбен өмір салтын өзгертесіз. Сіздің өмір қағидаларыңызға бірқатар жаңа норма еніп, ол дос-жарандарыңызбен қарым-қатынасты сәл өзгертеді. Жұмысты сылтауратып, кездесулер мен келіссөздерден қашасыз. Өйткені ол сізге қызықсыз. Мүлікке қатысты маңызды шешім қабылдайсыз. Жоспарыңызды ішке сақтап, түсігіңізге арқа сүйейсіз. Қарыз міндеттемелері алаңдатады. Отбасындағы жасы кіші даммен жақсы түсіністік орнайды. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Ол асқынуы мүмкін. Отбасылық сыйлық, мерейтой маңызды болмақ. Өткенді ойлап мұңға батасыз. Жүрегіңіз кімге болсын ашық.
Суқұйғыш өткенде болған оқиғаларды сағынып, өз-өзіне таң қалады. Өзгенің пікірін елемейсіз. Бәріне бір ғана жауап- өткенді сағыну. Ол өз кезегінде алға жылжуға, дамуға кедергі болады. Әсіресе қызметте. Өздігіңізбен әрекет етуге шамаңыз жетпейді. 2020 жылы сізге бетбұрыс қажет. Жұмыста, жұмыс салтында, өмір салтында. Дененің белсенді қимылы ғана сізді кертартпалықтан сақтап қалады. Дене шынықтыру мұңнан арылтады. Бір міндеттемеге ұмтыласыз. Мысалы, шет тілін үйренуге, музыкалық аспапта ойнауға. Шығармашылыққа жаны жақын адамдарды жетістік күтіп тұр. Туысқаныңыздың денсаулығы алаңдатып, соған қарайлайсыз. Тұрмыстық мәселені тез және жиі шешесіз. Байқауға қатысасыз. Романтизмнан аулақсыз. Есесіне, қаржы мәселесі орасан, ол сізді құмартады.
Балықтар өмірінде көп нәрсе өзгеріске ұшырайды. Көбінесе оған жағдайлар ықпал етеді. Жұмыста үлкен бетбұрыс бар. Көбісінің әлеуметтік мәртебесі өзгереді, жаңа қызметке орналасуы мүмкін. Тағы біреулер жаңа одақтастармен қызметке кіріседі, бизнесте, басқа да істерде де. Барлығы жаңа жағдайға, ережелерге үйренісе бастайды. Қоштасу, туыспен ажырасу орын алуы мүмкін. 2020 жылда өзіне жаны жақын адамды іздеумен болады. Жақсы көрген адамына жақсылық жасауға тырысады. Жоспарланған сапарлар күтілуде. Достардың белсенділігі артады. Әсіресе мұңға батып, көңілсіз күйге түскенде достар белсенді рөл атқарады. Қаржы мәселесі жақсарады. Мүлікке қатысты сұрақ шешімін табады. Жақын адамына көмектесіп жүріп көн нәрсені шешеді. Шынайы сезімін жасырады, қолда барына шүкір етеді.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
дереккөз: ktk.kz