Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында атқарылған жұмыстар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы агроөнеркәсіп кешені алдына, алдағы 5 жылда еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін қойды. Осы орайда, 2019 жылы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
1. Өсімдік шаруашылығы саласы
Ағымдағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 13,3 мың гектарға артып, 827,0 мың гектарға орналастырылды.
Егістікті әртараптандыру бойынша:
- мал азықтық дақылдар 11,0 мың гектарға артып 201,0 мың гектар;
- жүгері 2,0 мың гектарға артып, 46,0 мың гектар;
- арпа 6,0 мың га артып 44,0 мың гектар;
- картоп, көкөніс, бақша дақылдары 5,1 мың гектарға артып, 119,0 мың га орналастырылса,
- бидай 3,6 мың гектарға азайып, 186,8 мың гектар, мақта 1,5 мың гектарға қысқартылып, 131,0 мың гектарға егілді.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын атқару үшін арзандатылған бағамен 77,2 мың тонна жанар-жағар май, 96,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар агроқұрылымдарға босатылды.
Нәтижесінде агроқұрылымдар масақты дақылдар түсімділігін 20 центнерге жеткізіп, 462,0 мың тонна астық жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда әр гектардан 5,2 центнерден 125,0 мың тонна дән қамбаға артық құйылды.
Көкөніс, картоп, бақшадан 3,0 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке жетті.
Жүгері түсімділігі әр гектардан 2,3 центнерге артып, 47,3 центнерге қол жеткізілді. Нәтижесінде 218,0 мың тонна дән жиналды.
Мақта түсімділігі 27 центнерге жетіп, 347,0 мың тонна ақ алтын жиналды. Мақта теріміне 339 комбайын жұмылдырылып, шитті мақтаның 75 пайызы комбайнмен жиналды.
Ауа райының қолайлы болуын ескере отырып, шаруалардың еселі еңбегімен бір жарым жылдық мал азығы дайындалды, мал азығының қоры 4,0 млн. тоннаны құрады.
Еңбек өнімділігінің артуы - салаға озық технологияларды енгізу есебінен орын алды. Атап айтқанда:
- Жаңбырлатып, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 7,0 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 16,8 мың гектарға жетті. Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі ағын су шығынын 2-3 есе үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
- Жылыжайлар қосымша 173 га салынып, жалпы көлемі 1108,0 гектарды құрады. Республикадағы жылыжайлардың 80 % облыстың үлесінде.
- Қарқынды баулар жаңадан 673 гектарға егіліп, жалпы көлемі 3,4 мың гектарға жеткізілді. Нәтижесінде 190,0 мың тонна жеміс-жидек, жүзім өндіріліп, Республиканың 57 пайызын құрады.
2. Су шаруашылығы саласы
Су нысандарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы «Бөген арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 5 су нысаны: «Бөген» және «Қосқорған» су қоймалары, «Түркістан», «Арыс», «Қараспан» магистралды каналдары және «Қараспан» су торабы облыстық меншікке қабылданды.
Су нысандарын тиімді пайдалану нәтижесінде 75,0 мың гектар суармалы алқап ағын сумен тұрақты қамтамасыз етілді.
Түркістан қаласы аумағында ағын су тапшылығын жою мақсатында құны 29,3 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру басталды. Атап айтқанда:
- Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы.
- «Түркістан магистралды арнасын күрделі жөндеу» жобасы.
- «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу» жобасы.
- «134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру» жобасы. Нәтижесінде қосымша 196 млн. текше метр ағын су жеткізіліп, ағын су тапшылығы шешіледі.
Бұдан бөлек, 19 су шаруашылығы нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 5,2 мың гектар алқап сумен қамтамасыз етілуі жақсарды, 1150 гектар қайта айналымға қосылды, жаңадан 400 гектар суармалы жер қосылды.
3. Мал шаруашылығы саласы
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылғы 10 айда:
- ірі қара мал басы 5,4 пайызға өсіп, 1,1 млн. басты құрады, Республикада үлесі 3 орын;
- қой-ешкі 5 пайызға өсіп, 4,5 млн. басқа жетіп, Республикада 1 орын;
- жылқы 9 пайызға өсіп, 332,0 мың басқа жетті, Республикада үлесі 3 орын;
- түйе 7 пайызға өсіп, 29,3 мың басқа жетіп, Республикада 3 орын;
- құс 9 пайызға өсіп, 2,1 млн. басты құрады.
Шет елден 3910 бас асыл тұқымды ірі қара мал аналығы сатып алынып, тиісті кезеңмен 1,8 есеге артты.
Қолда бар 403,0 мың бас аналықтың 136,0 мың басы немесе 34 пайызы тұқымдық түрлендіруге қатысып, тапсырма 103% орындалды.
Сыйымдылығы 8,0 мың басты құрайтын жаңадан 5 бірлік мал бордақылау алаңдары ашылып, мал бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 164,0 мың басқа жетті.
Жаңадан 50 бастан жоғары 8 бірлік жанұялық сүт фермалары ашылды, сонымен қатар, 2 тауарлы сүт фермалары кеңейтілді.
Нәтижесінде:
- ет өндіру 3 пайызға артып, 178,9 мың тонна;
- сүт өндіру 3,5 пайызға артып, 625,8 мың тонна;
- жұмыртқа 159,7 млн дана өндірілді.
Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 36,0 млн. доза вакцияна жеткізіліп, профилактикалық іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығы сақталды.
4. Қайта өңдеу саласын дамыту
Облыста 11 ет өңдеу кәсіпорында - 12,4 мың тонна ет, 24 сүт өңдеу кәсіпорында - 181,5 мың тонна сүт, 21 жеміс-көкөніс өңдеу кәсіпорында - 96,1 мың тонна жеміс-көкөніс өңделіп, өңдеу көлемі 54,8 млрд. теңгені құрады.
10 айдың қорытындысымен облыста 2 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу, 2 бірлік сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындары ашылды.
5. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты
Өсімдік шаруашылығында - 394,0 мың тонна, мал шаруашылығында – 28,0 мың тонна өнім экспорталып, экспорт көлемі 157,3 млн.АҚШ долларын құрап, тиісті кезеңмен 20 пайызға артты.
Атап айтқанда:
- 15,2 мың тонна ірі қара мал, 3,7 мың тонна қой еті Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдеріне экспортталып, Республиканың 50 пайызын құрады.
- 394,0 мың тонна көкөніс, бақша өнімдері Ресей, Беларус, Латвия, Литва, Германия, Украиына елдеріне экспортталды.
Бұдан бөлек, балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау нәтижесінд, 2390 тонна балық өнімдері Германия, Литва, Ресей, Өзбекстан және Чехия елдеріне экспортталды.
Алдағы кезеңде, Қытай еліне түйе сүті өнімдерін экспорттау жоспарланып, жыл соңына ауыл шаруашылығы экспорт көлемін 264,0 млн.АҚШ долларына жеткізу күтілуде.
6. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы
«Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.
Жоба бойынша жалпы құны 70,0 млрд тг құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру іс-шаралары атқарылуда.
Нәтижесінде қосымша 30,0 млрд.тг ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
Биылғы жылдың өзінде, 4 ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың алғашқы кезеңдері басталды.
1. Түркістан Агро XXI» ЖШС-нің «1000 гектарға жаңбылатын суғару, машина техника паркін ашу» жобасы, құны 1,5 млрд.теңге. Қазіргі таңда, 4 бірлік (200 га) жаңбырлатып суғару машиналары орнатылды.
2. «Түркістан Агро XXI» ЖШС-нің «1200 бас Ірі қара малға арналған замануи тауралы сүт фермасы» жобасы, құны 3,6 млрд.теңге.
3. «Сити строй» ЖШС-нің «10000 бас ірі қара мал бордақылау кешені» жобасы, құны 4,3 млрд.тг.
4. «Сити строй» ЖШС-нің «1000 гектарға жаңбырлатып суғару әдісін ендіру» жобасы, құны 1,5 млрд.тг.
Бұдан бөлек:
5. Жылдық қуаттылығы 20 мың.тн. етті бағыттағы құс фабрикасы («Стандарт ойл»ЖШС), жоба құны 10,4 млрд.тг;
6. 500 га заманауи жылыжай кешені (YDA INSAAT түрік компаниясы), жоба құны 40,2 млрд.тг;
7. «Жылдық қуаттылығы 20,0 млн.дана жұмыртқа өндіру» («Яссы құс» ЖШС), жоба құны 1,4 млрд.тг);
8. «жылына 2,5 мың тн. түйе сүтін қайта өңдеу кешені» («Golden Camel Group» ЖШС), жоба құны 7,0 млрд.тг. жобалары дайындалуда.
Аталған ірі жобаларды іске асыру қала аумағындағы алқаптарды заманауи технологиялармен суландыру есебінен, жасыл белдеу жүйесін қалыптастырумен қатар Түркістан қаласының климат ылғалдығын жақсартып, облыс орталығында халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге тікелей әсерін тигізеді.
7. Агроөнеркәсіп кешені саласында маңызды жобалар
Облыс әкімінің бастамасымен ауыл шаруашылығы саласында 18 бағытты қамтитын жалы құны 89,4 млрд. теңгені құрайтын 695 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күнге құны 31,3 млрд.теңгені құрайтын 590 жобалар іске асырылып, 2287 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Оның ішінде, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасымен» құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын 107 жоба жүзеге асырылып, 39,0 млрд.тг. өнімі өндірілді. Алдағы уақытта әрбір ауылдық округте 10 жобадан жүзеге асыру жоспары түзілді.
8. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау, қаржыландыру
Салаға «ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» акционерлік қоғамымен 41,3 млрд.тг несие қаржылар беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты. 2813 жобалар қаржыландырылып, 3512 жаңа жұмыс орындары ашылды.