Елімізде төлем карточкаларының саны 30,6 миллионға жетті

Oinet.kz 01-11-2019 917

Картинки по запросу төлем карточкалары

Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз жасалатын операциялар көлемі екі есе өсті. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының саны - 30,6 млн болды, бұл 2019 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 43%-ға артық. 

«2019 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарының жалпы көлемі екі еседен аса ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады», - деп хабарлады Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков. 

Бүгінгі күні онлайн сервистерде 18 млн жуық пайдаланушы тіркелді, оның ішінде 34%-ы операцияларды тұрақты түрде жүргізеді. Күн сайын онлайн сервистер арқылы 21 млрд теңгеден астам сомаға 1,3 млн астам операция жүргізіледі.

«Мұнара» газетінің тұсаукесер рәсімі өтті
Талдықорғанда 42 жастағы азамат жергілікті тұрғынға бірнеше мәрте оқ атқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу