Мереке қарсаңында Түркістандық 20 отбасы баспаналы болды

Oinet.kz 28-10-2019 1076

Ордабасының 55 жылдығы: Түркістандық көпбалалы отбасылар баспана алды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан жергілікті халық айтулы күнді жоғары деңгейде атап өтті. Сондай-ақ, мерекеге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауылшаруашылық өнімдерінің, қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық-мәдени орталықтардың «Достық» ауылы да келушілерге құшақ ашты. «Қазақ рухының қағбасы – Ордабасы» мерекелік шарасында түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Тарихқа тұнған, тағылымы мол Ордабасы туралы ғылыми-танымдық конференция өтті. Көпшілікке «Күш атасын танымас» ұлттық спорт ойындары көрсетілді. «Алтын күз» шарасынан бастау алған жиын халықаралық ақындар айтысына ұласты. Сөз зергерлері жарасымды әзілмен өлең өріп, Ордабасы тұрғындарына ақ тілектерін арнап жатты.

Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі Ө.Шөкеев Отырар ауданының 10 азаматын «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Бұдан бөлек, атаулы мерекеге орай аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйден көпбалалы және аз қамтылған 20 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.

Президент: «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым»
Түркістан: Ашықтықты қамтамасыз ететін сенім жәшіктері орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу