Дархан Мыңбай, Мәдениет және ақпарат министрі: «Телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді бол

Screenshot_5.jpg

Елімізде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту көзделіп отыр. Техникалық жаңғырту эфирлік сандық телевизияны енгізу және «Қазмедиа орталығы» телерадио кешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Сөйтіп, 2017 жылға қарай халықтың 100 пайызы сандық сигналды қабылдауға мүмкіндік алмақ. Ал, 2020 жылға қарай ұлттық спутниктік желісінің абоненттері 1 миллионға жетіп, қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады. Ал ғаламтордағы электронды және басылым бұқаралық ақпарат құралдары 95 пайызды құрамақ. 

Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осындай деректерді мәлім етті. Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды іске асыру туралы» қаулы жобасы және «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент Жарлығының жобасы қабылданды. Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленген «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде баяндаған Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай отандық ақпараттық-мәдени ке¬ңістікті дамыту - қоғамды әлеумет¬тік жаңғыртудың құрамдас бір бөл¬шегі бо¬лып табылатынын атап өтті. Бағдарламаның басты бағыттарына тоқталды. «Мәдениет сала¬сында¬ғы ақпараттық-коммуника¬циялық тех¬нологияларды дамыту» бағыты бойынша, халықтың мәдениет саласындағы қызметтер сапа¬сына қанағаттану дең¬гейі 2017 жыл¬ға қарай 61 пайызға, ал 2020 жыл¬ға қарай – 65 пайызға жетеді, ал «Мәдени мұра» жобалары туралы хабардар болу деңгейі 2017 жылы – 82 пайызды, ал, 2020 жылы – 85 пайызды құрайды деп болжануда. Бұған қоса, «Қазақстан кітапханасы» мем¬лекеттік электронды кітапхана қорын» пайдаланушылар қатарын 2017 жылға қа¬рай 55 мыңға, ал 2020 жылы 57 мың¬ға дейін арттыру көзделуде. 

Екінші, яғни «отандық БАҚ-ты жаңғырту» бағытындағы жұмыстар «Қазмедиа орталығы» телера¬дио¬кешені айналасында өндірістік инфрақұрылымды дамыту және эфирлік санды телевизияны ендіру арқылы қам¬тамасыз етіле¬тін болады»,- деді министр. «Отан¬дық ақпараттық контент-ті өндіруді ынталандыру»  бағыты аясында, 2020 жылға қарай отандық өндірістегі телевизиялық өнімдер көлемі жалпы эфирлік уақыттың 60 пайызын құра¬мақ. Қабылданатын шаралар нәтижесінде ғаламтордағы «.kz» және «.қаз» домен¬де¬ріндегі интернет-сайттардың саны 2012 жылғымен салыстырғанда екі есе¬ленуге тиісті. Мемлекет жыл сайын жеке меншік телеарналарда орналастырылатын және екі жақтан теңдей қаржыландырылатын телевизиялық өнімдер ауқымын жылына ең кем дегенде 15 жо¬ба¬ға жеткізбек. «Мемлекеттің қызметін ақ¬параттық сүйемелдеу» ба¬ғыты шеңберінде меморгандардың жауапкершілігі мен үйлестірілу жүйесі жетілдірілетін болады. Министр, бұл орайда мемлекеттік орган¬дар¬дың және ұлттық компаниялардың баспа¬сөз қызметтерінің тиісті кәсіби білімі бар қызметкерлерінің үлесі 2017 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болатынын айтып өтті. Сондай-ақ, аталмыш мемлекеттік бағдарлама «бюрократизмнен», яғни қағазбастылықтан құтқаруға бағытталып отыр. 

Мұрағаттан, 06.12.2012 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: