« Кім ұйықтап отыр?»

Screenshot_6.jpg

Қыс қамсыздықты кешірмейді. Бүгінде оңтүстік өңірде қыстың қаһары аса сезіле қоймағанымен аздап аяз қысқанының өзіне суықтан тоңған адамдарды әжептеуір әбіржітіп тастап жатқаны әдеттегідей жылудың сапасы көңіл көншітпейтінін көрсетіп отыр. Шымкент қалалық әкімдігіндегі атқамінерлер қысқа сақадай сай дайынбыз деп үйреншікті дағдымен уәдені үйіп-төккендерімен биыл жылудың берілуі бір айға жуық мерзімге кешіккеніне қоса әлі күнге дейін үйінде жеңі қысқа көйлекпен жүргендермен қатар жылудың рахатын сезіне алмай отырғандар жоқ емес. «Кәрі құда» күні ертең шындап ашу шақырса оған қаншалықты даярмыз? Осы мәселе облыстық әкімдікте өткен басқосуда күн тәртібіне көтерілді. 

  -Бюджеттік мекемелерде аса күрделі мәселе жоқ. Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша қала, аудан орталықтарындағы ауруханаларға дербес жылу жүйесі жобасын жасатуға үстіміздегі жылы қаржы бөлуіміз керек. Өйткені, орталықтандырылған жылу жүйесінен жылу кеш беріледі. Жылу сапасының төмендеп, кейде бірнеше күнге тоқтап қалатын жайттар да кездеседі, - деді облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серікбай Ибадуллаев. 

      Бұл келеңсіздікке кінәлінің кім екенін білгісі келген облыс әкімі Асқар Мырзахметов «кім ұйықтап отыр?» деген сауалды төтесінен қойды. Залда үнсіздік орнады. Ұйқысынан «оянбағандар» ұялғаннан ба, облыс әкімінің сауалынан үнсіз құтылды. «Ұйықтып отырған жоқпыз, күндіз-түні тынбай, тырбанып, тырысып-ақ жатырмыз» деп ағынан жарылып, ақталған да атқамінер табылмады. Ал Шымкент қаласындағы 6 мектепте жылу болмай, оқушылар сынып бөлмелерінде сыртқы киіммен отыруға мәжбүр болыпты. 

- Мектепті автономды жылу орталығымен жылытамыз. Таңертең қазандық моторы істен шығып, оны түстен кейін қайта іске қостық. Қазір дәлізде 20, бөлмелерде 22 градус жылу сақталуда,-дейді  №76 орта мектеп  директорының орынбасары Тәжен Әбдіхалыққа хабарласқанымызда.  

Ал №88 орта мектеп директоры Әлима Мәлікова былай дейді:

- Облыстық әкімдікке мәлімет дұрыс берілмеген. Онда қазандық істен шыққан деп көрсетіліпті. Негізінде суық өткізбейтін материалдармен қапталмағандықтан қазандыққа келер тұстағы құбырда су қата бастаған. Біз бұл жөнінде мектеп құрылысын жүргізген, әлі екі жыл уақыт істеген жұмысының сапасына жауапты «Шымкентгазмонтаж» компаниясы басшыларына жылу маусымы басталған сәттен бастап құбырдың жалаңаш күйі жатқаны, оны тез арада қысқа дайындау керектігі жөнінде бірнеше мәрте хат жазған болатынбыз. Олар алғашқы хаттарымызды жауапсыз қалдырған болатын. Қауіпті жағдайдың құлағы қылтиған сәтте ғана адамдарын жіберіп, бір күн бойына жұмыс жүргізді. Сол уақытта шамамен 6-7 сағаттай қазандықты өшіруге тура келді. Ғимарат қабырғалары осы кезде мұздаған. Бірақ, бұл оқу процесіне кедергі келтірген жоқ. 

P.S. «Кім ұйықтап отыр?» деген сауалға ең алдымен «Энергоорталық-3» жылу беру мекемесі  ұялуы қажет-ақ. Өкінішке қарай ол мекемедегі жауапты адамдар ар-ұятты біле ме? Білсе жұртқа жылу беруді мерзімінен жыл сайын кешіктірер ме еді? Жылу берген күнде де оны жарытпағанына, сапасыздығына қарамай тұрғындардан толыққанды ақша төлеуді талап ететіндері ар-ұяты бардың тірлігі ме? Бұған қоса онсызда бағасы удай жылудың төлемақысына байланысты тарифті тағы да өсіреміз деп ұялмай-қызармай ұсыныс көтергендері неғылған асып-тасқандық десеңізші. Сөйте тұра қарызға белшесінен батып отырғандары, бұлайша қашанға дейін жұмыс істеуді жалғастыра түсетіндері қайран қалдырады. «Энергоорталық-3» мекемесіне қатысты қитұрқы іс-әрекеттерді  жаза берсең жетіп артылады. Бірқатар тұсын «Рейтинг» газетінде жазып та жүрміз. Журналистік зерттеу жүргізіп, алдағы уақытта жаңаша қырынан тағы да жазбақпыз. 

  Oinet.kz  мұрағатынан

 0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: