Елімізде жыл сайын өткізелетін «Жыл адамы», және «Жыл таңдауы» фестивалінің халықаралық мәртебесі бар. Өйткені ол ТМД елдерінң бес елінде, атап айтқанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Украина мен Белоруссияда өткізіледі. Фестиваль «Жыл адамын» және «Жыл таңдауын» әр сала бойынша белгілейді. Оны ұйымдастырушылар өздерінің жеңімпаздарын Қазақстанның әр өңірінде тұратын халықтан әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы анықтайды. Оның нәтижесі әділ қазылар алқасының мүшелерінің қарауына ұсынылады. Олар әр номинацияға ұсынылған үміткелерге баға бере отырып, түпкілікті шешім қабылдайды. Бұдан кейін әрине, мараппаттау.
Әр жылдары «Жыл адамы» және «Алтын адам» премиясының лауреаты болып Нұрсұлтан Назарбаев, Тоқтар Әбубәкіров, Болат Аюханов, Серік Ақшолақов, Кеңес Дүйсекеев, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Роза Рымбаева, Әбдіжәміл Нұрпейсов, Борис Преображенский, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Әлиев, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Мұрат Исаханов, Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Арманжан Байтасов және басқа да ғылым, өнер және спортқа еңбегі сіңген танымал тұлғалар танылған болатын.
Тәртіп бойынша «Жыл таңдауы» номианциясының жеңімпаздары медальмен ал, «Жыл адамы» номинациясының иегерлері «Адтын адам» статуэткасымен марапатталады. Осыменен оныншы мәрте өткізіліп отырған фестиваль биыл Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.
Биыл Қазақстанда №1 деп танылған «Жыл таңдауы» номинациясының жеңімпаздарының ішінде ең үздік кетчуп, сары май, маргарин жән мойенез болып «3 желания», ең үздік өсімдік майы «Шедевр», ең үздік газды сусын «"Holiday", ең үздік газды ауыз су «"Tassay" сауда белгісі танылды. Өтіп бара жатқан жылдың ең үздік жанар май бекеті «Helios», ең үздік мотор майы "LIQUI MOLY» лайық деп танылса, ең үздік зейнетақы қоры номинациясын «Халық банкі» ЖЗҚ ие болды. Сиыр жылындағы елдегі ең үздік телеканал—«КТК», ең үздік басылымы "Новое поколение", ал ең үздік радиостанциясы - "Европа Плюс Казахстан".
«Жыл адамы» номинациясын иелегендер:
«Жыл әкімі»--Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов
«Жыл спортшысы» --Сиязбек Далиев
Ұйымдастыру комитетінің «Қазақстан өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы премиясының иегері-- Досхан Жолжақсынов.
Ұйымдастыру комитетінің «2000-2009 жылдарғы Қазақстанның спорт символы» премиясының иегері--
Ольга Шишигина
Жылдың ғылым қайраткері --Серік Ақшолақов
Жылдың ең үздік тележурналисі--Артур Платонов – КТК телеарнасы
Жыл журналисі--Сапа Мекебаев - "Время" газеті
Жыл дәрігері--Дьяченко Николай Алексеевич
Жыл патриоты--Петрухин Дмитрий Иванович
Ұйымдастыру комитетінің «Қазақстанның 2000-2009 жылдарғы музыкалық символы» премиясының иегері--Марат Бисенғалиев.
Ұйымдастыру комитетінің «мәдени жоба 2000-2009» премиясының иегері—К.Байсейітов атындағы Ұлттық опера және балет театры (жетекшісі Төлеубек Алпиев).
Ұйымдастыру комитетінің «Білім жобасы 2000-2009» арнайы премиясының иегері—Қазақ Ұлттық музыка академиясы (жетекшісі айман Мұсаходжаева).