Асқар Мырзахметов: «Неплохо устроились!» Рахат! Бұлай болмайды

Жақында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалық етуімен өткен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінің қатардағы жиындардан  бірқатар өзгешеліктері болды. Біріншіден, мәжіліске облыс активі ғана емес, аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары да қатысты. Тағы бір жаңалық, бұдан былай облыстық әкімдіктегі бас  инспекторлардың  құрығы ұзарып, салмағы едәуір арта түскендей. Мырзахметов тіпті бас инспекторларды аудан әкімдерімен бір деңгейге қойып салыстырды. Ал, бұған дейін қатардағы инспектор қызметін атқарып келген Ғалым Ілиясовтың бірден облыстық басқарма бастығы қызметіне өсуін осы тенденцияның айғағы ретінде қабылдауға негіз бар. 

Сонымен, жиынға қатысқандар не деді? Кеңейтілген мәжілісте айтылған сөздерден үзінді келтіре кетейік. 

1386830567_a.jpg

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі:

- Ең бірінші мәселе – бюджетті қалыптастыру. Ол нені білдіреді? Ауыл әкімінен бастап аудан, қала әкімдеріне дейін индикативті даму жоспары болуы қажет. Нақты жобалар керек. Бірақ, бүгінгі таңда көзімнің жетіп отырғаны – мұндай жобалар жоқ облысымызда! Бәлкім, біреудің пысықтығының арқасында немесе сол  ауданнан сайланған депутаттың сөзінің өтімділігінің арқасында бюджет әйтеуір қалыптасып отыр. Бұл мүлдем дұрыс емес. 

- Жүйелі түрде талдау қажет. Мәселен, 317 орындық мектеп құрылысына бір ауданда 200 миллион теңге, бір ауданда 400 миллион теңге бөлінеді. Жобалық-сметалық құжаттарда ешқандай айырмашылық жоқ.  Бұны қалай түсінеміз? 

- Біз мұнда аудан әкімдерін не үшін шақырдық? Мұнда айтылып жатқан баяндамалардың барлығын  білемін. Мына сіздер естісін деп отырмын. Өйткені, жұмыстың барлығын атқаратын сіздер де, жауап беретін - облыс. Мектептің директорларын тағайындайтын – аудан, былықтың барлығын жасайтын бөлім бастықтары. Ал осы кемшіліктер үшін облыс әкімінен бастап жауап берсін, солардың бастары қатсын деген пиғыл бар.  «Неплохо устроились!» Рахат! Бұлай болмайды. 




Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: 

- «Жол картасы» бойынша  мектептер мен спорт нысандарын жөндеуден өткізудегі ең негізгі көрсеткіштердің бірі – тиісті азаматтарды жұмыспен қамту. Бұл Президент әкімшілігі мен  Үкіметтің бақылауында тұрған мәселе. Осы бойынша қазір білім саласындағы нысандарды жөндеуде кемшіліктер бар. Білім басқармасына қарасты мекемелерде  2645 адамның  орнына  2518 адам жұмыс істеп жатыр. 127 адам кем. Жалпы, аудандарда жүргізіліп отырған жөндеу жұмыстарына 6016 адамның орнына  5755 адам тартылған. Яғни 260-тан астам адам жетіспейді. Осы мәселе бойынша апта сайын талдау жасап отырмыз, бірақ аудандарда  бұл жөнінде «адам жетпей жатыр, мамандығы келмейді» деген сыңайдағы  түрлі сылтаулар айтады. Бұл бағытта ешқандай басқаша түсінік  қалыптаспауы тиіс.  Үкіметтің бөліп отырған қаржысын игеру бойынша  барлығымыз сұраламыз. 

Екінші мәселе, «Жол картасында» көрсетілгендей,  бюджеттік қаржыны игеру. Білім басқармасы бойынша 60 пайыз ғана қаржы игерілген. Мектептерді жаңа оқу жылына, яғни,  25 тамызға дейін дайындап үлгеруіміз керек. Қараша айына дейін созып жүретін мүмкіндік жоқ. Бұл мерзімнің аяқталуына 1 ай 10 күн уақыт қалды. 


Серік Ибадуллаев, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығын дамыту және табиғатты пайдалану мониторингі бөлімінің меңгерушісі: 

- Ауылшаруашылығы басқармасының бақылауындағы тапсырмалардың бірі - жылыжайлар салу. Бұл бағытта  жоспардың 45 пайызы орындалды. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарының 40 пайызын  ірілендіру межеленген. Яғни, 23366 шаруа қожалығы болуы керек еді. Бүгінгі күнде бар-жоғы 470-і, яғни 2 пайызы  ғана ірілендірілді. Бұл жұмыс өте қиын жүріп жатыр. Көптеген азаматтар меншік құқығынан айырылғысы келмейді. Ал біз оларға қысым жасап, қосқымыз келеді. 2 пайызға ғана іріленуі де сондықтан. Сол себепті оның басқа жобаларын қарау керек. 

Субсидия мәселесі де қиын болып тұр. Осы бағдарламаларды жүргізуді аудандарға беру керек. Себебі, облыстық деңгейде қабылдаудың өзі үлкен қиыншылықпен жүріп жатыр. Оның үстіне, былтыр субсидияға қатысты қылмыстық істердің барлығы әлі аяқталған жоқ. Ауылға несие беру мәселесіне де тоқталып өтсем. Несие алушы ынталы азаматты іріктеп, оның қайтарымды төлей алу мүмкіндігін анықтау тек  ауыл мен аудан әкімінің қолынан келетін іс. Қазір «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының төңірегінде мыңдаған азаматтар құжат тапсырумен уақыт өткізіп жүр. Сондықтан, аудан әкімдері «мынау алған несиесін қайтарады, мен бұған кепілдік беремін» деп тікелей араласуы, кепілдік беруі тиіс. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: