Президент туралы анекдот айтқан сотталады

Screenshot_4.jpg

Пәкістанның қауіпсіздік қызметіне келіп түскен жаңа бұйрық зілкештердің аузына құм құйып тастағандай болды. Оның мәнісі мынада: бұдан былай  ел президенті Асиф Али Зардари жайлы интернетте немесе смс-хабарландырулар арқылы анекдот таратуға қатаң түрде тыйым салынды. Бұл бұйрыққа қарсы шығып, президентті күлкіге айналдырғандар 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Али Асиф Зардари мұндай қадамға зеріккеннен барып отырған жоқ. Қазір ол Пәкістандағы ең танымал анекдот кейіпкерлерінің біріне айналды. Зардари туралы анекдоттардың негізгі тақырыптары мыналар:  сыбайлас жемқорлық, инфляциямен күресудегі қауқарсыздық, эгоизм және елдегі өмір сүру деңгейін жақсартудағы шарасыздық. Осыдан-ақ пәкістандық мемлекет басшысының абыройы қандай екенін аңғара беріңіз.  Айрықша атап өтетіні, Зардари – бұрынғы премьер-министр марқұм Беназир Бхуттоның күйеуі. Сол заманнан бері  жұртшылық Али Асиф Зардариді мемлекетпен арадағы ірі келісім-шарттардан өзінің «үлесін» алып отырғаны үшін  «мистер он процент» деп атап кеткен. Пәкістандықтардың өз президенті жайлы айтып жүрген кейбір анекдоттарды келтіре кетейік. «Президенттің құрметіне арнап оның портреті бейнеленген жаңа почта маркасы жарық көрді. Бірақ қарапайым пәкістандықтар марканың қай жағына түкіріп, жабыстыруын білмей басы қатып жүр». Немесе, «террористер біздің сүйікті Зардариді кепілдікке алып, оны шығарып алғысы келген адамнан 5 миллион доллар талап етуде. Өйтпеген жағдайда «президенттеріңді жанар май шашып, өртейміз» деп доқ көрсетті. Пәкістандықтар, қолдарыңнан келгенше жәрдем беріңдер. Мен 5 литр өткізіп, өз үлесімді қостым».  

Анекдотқа қатысты жаңа бұйрықтың қалай орындалатынын әзірше белгісіз. Дегенмен, әзілкеш пәкістандықтар бұл бастамаға қаытсты да жаңа анекдоттарды ойлап шығаратынына күмән жоқ.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: