2008 жылдың үзік ақыны мен үздік жазушысы кім?

0045.jpg

Ханбибі Есенқарақызы, ақын: Биыл жаңа шығармалардан қолыма түскені Қайырғали Медет пен Иса Омардың кітабы болды. Екеуін де оқып шықтым. Жақсы жазылған деп бағалауға болады. Бекқал Әбіш пен Нұрбибі Омардың да шығармаларына көңілім толады. Ақындардан Бақытжан Алдиярдың өлеңдерінің өзіндік өрнектері бар. 

Мархабат Байғұт, жазушы: Фантаст жазушы Сарманбай Исақтың жаңа шығармалары сәтті жазылыпты. Сәрсенбек Сахабаның өлеңдерін, туындыларын да тәуір деп бағалаймын. 

Шойбек Орынбай, жазушы-журналист: Республикалық «Роман-журналдың» жылжабар саны Мархабат Байғұттың шығармашылығына арналыпты. Ал танымал, талантты жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармалары журналдың келесі санында топтастырылмақ. Нұрмағамбетовтың алдына түсіп кету кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін шаруа. Бұл Махаң шығармашылығының  үлкен бағаға ие екенін көрсетсе керек. Өзім ақын болмаған соң ақындарға баға беріп анығын айтпай-ақ қояйын. 

Серік Жанәбіл, жазушы: Еркінбек Тұрысовтың көп томдығы жарық көрді. Шығармалары ұнады, әсіресе, М.Әуезов туралы жақсы жазылған. Ақын емеспін, ақындарға байланысты дөп басып айта алмаймын.

Бақытжан Алдияр, ақын: Махаң, Мархабат Байғұт өндіріп те, «өлтіріп» те жазып жүр. Енді ақындардан...    

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: