Орынбай Рахманбердиев, сенатор: «Ар-ұяттары білсін»

001-14-1.jpg

134 дауыспен жеңімпаз, 140 бюллетен жарамсыз болса да...

Биыл күзде өткен Сенат сайлауының төңірегіндегі сыпсың әңгіме әлі күнге дейін айтылып жүр. Сенатқа кімнің барғысы келмейді дейсіз? Әуел баста  депутаттықтан үміткер болып облыс халқына белгілі, кілең сайдың тасындай іріктелген 10 сайыпқыран бәйгеге ат қосуға ниет білдірді. Олардың екі-үшеуінен басқасы дүбірлі доданың алдында әр түрлі себеппен бәйгеде бағын сынаудан бас тартып, тізгіндерін тез тартқандары ел арасында әрқилы әңгіме өрбітті. Ертеңгі сайлауда кімнің жеңімпаз атанатынын елден күні бұрын естіп жүрдік. Дей тұрсақ та сайлау ел күтпеген сценариймен өтті. Дауыс беруге  304 мәслихат депутатының қатысқанына қарамастан бірден 140  бюллетень жарамсыз болып шықты. Облыстық сайлауком «шимай-шатпақ» толтырылған бюллетендерді есептемей қойды. Тағы екі бюллетеньді санақшылар жоғалтып тынды. Жеке басын куәландыратын құжатының жоқтығынан үш депутат дауыс беру құқығынан айырылды. Басқа-басқа, дауыс беру тәсілін жетік меңгерген халық қалаулыларының тең жартысы  бұл жолы жаппай сауатсыздыққа ұрынды дегенге сену қиын. Мұның астарында нендей құпия жатқанын ішіміз сезеді. Сөйтіп, жарамды бюллетеньдерді санаудың нәтижесінде Орынбай Рахманбердиев 134 дауыс жинап, Сенат депуттағына екінші мәрте сайланды. Ал оның осы сайлаудағы жалғыз қарсыласы, Төлеби аудандық мәслихатының депутаты, әуел баста үміткер атанған 10-ның ішіндегі ең әлісізі есептелген Жеңіс Опабектің жинаған даусы 30-ға да жетпеді. «Екінші мәрте Сенатқа сайланатындай Орынбай Рахманбердиев ел үшін не тындырып, недей еңбек сіңіріпті? Бұл мәслихат депутаттарының халық алдында кінәлі болмау мақсатында жасаған ашық қарсылықтары» деп жорамал жасағандар жетерлік. «Мұны әлдекімдер әдейі қолдан ұйымдастырды» деген де сөз тарады. Мәселенің мән-жайына қанығайық деп Орынбай Рахманбердиевтің өзімен тілдестік.  

Орынбай Рахманбердиев, сенатор: «АР-ҰЯТТАРЫ БІЛСІН»

Сайлауға «Нұр Отан» партиясының атынан қатыстым. Сондықтан праймериз, яғни партияішілік іріктеуден өту арқылы үміткер болып тіркелдім. Сол жолы басым дауыспен жеңіске жетуіме үлес қосқан мәслихат депутаттарының сын сағатта дауыс беру кезінде «тәспісінен жаңылғандарын» өздерінің ар-ұятына қалдырдым. 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: