Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Омарбек Нұржанов

Screenshot_7.jpg

Тышқан жылы туғандар 2008 жылды әрқалай өткізді. Бірінің шаттығы тасып,  қуанышқа бөленсе, енді бірі күтпеген тосын жағдайларға ұшырап жатты.  

Тышқан жылы туылған Мақтаарал ауданының әкімі Омарбек Нұржанов  биыл да өзінің «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтынын» толық дәлелдеп шықты. Оның орнында басқа әкім отырғанда баяғыда қызметімен қош айтысар еді. Бірақ, біздің Омекең осал емес.  Олай дейтініміздің себебі мынау. 

Биылғы жылы Жетісай қаласының әкімі жер учаскесіне өтініш жазған тұрғыннан 16000 АҚШ доллары мен 80 мың теңге пара талап етем деп сау басына сақина тілеп алған. Кезінде  Шардара ауданының әкімі Серік Ибадуллаевтың қызметінен босатылунына Шардара қаласы әкімі парамен ұсталуы септігін тигізген. Алайда Омарбек Нұржанов оңай құтылып кетті. Аудан әкімдігі аппаратының жетекшісі Артықбай Бозаев «құрбандыққа шалынып» қызметінен босады. Ал аудан әкімінің өзіне облыс басшысы Нұрғали Әшімов сөгіс беріп, «тағы да осы жағдай қайталанса, қызметпен қош айтысатынын»  ескертті. Көп ұзамай келеңсіз  жағдай тағы қайталанды.   Мақтаарал ауданы Ынтымақ   ауылының әкімі парамен ұсталды. Ел  «Әшімов енді  екі сөйлемей Нұржановты атынан аударып тастайды» деп күткен еді. Алайда «незаменимый кадр» Нұржановтың қылы да қисаймай қызметін жалғастыра берді. Таяуда 60-жылдығын арқа-жарқа тойлады. 

Ғалымжан Елшібай, 

"Жас Алаш" газетінің меншікті тілшісі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: