Oinet.kz хабарлайды - 1 жылдай уақыт бұрын Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге қатысты дау шықты. Пәтер иелері жертөлеге қатысты мәселе көтерді. Жергілікті атқарушы орган канализация жүйесін жөндеуге уәде берген. Бірақ, уәделерін әлі күнге дейін орындамапты. «Біз де Шымкентте сондай пәтерде тұрамыз. Жертөлеге кіру мүмкін емес» деп аудандағы лауазымды шенеунік орындауға да құлық танытпаған.
Енді бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетіпті. Әкімдерді әлеуметтік желімен жұмыс істеуге шақырған Президент Леңгірдегі мәселені шешуді өзінің Твиттердегі парақшасында Премьер-министр Асқар Мамин мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке тапсырды. Бұл мәселе қашан өз шешімін табатынын уақыт көрсетеді.