«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Мақтаарал аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының жаңа төрағасы сайланды. Бұл туралы аталған ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аталған қоғамдық бірлестіктің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров, ауданның әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Айдарбеков, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудандық дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және қызметкерлері қатысты.
Жиында бірнеше кандидатуралар ұсынылып, көпшіліктің басым ашық дауыс беруімен Мақтаарал аудандық мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының төрағасы болып Қасымбек Хаметов сайланды.
Қ.Хаметов еңбек жолында Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, Мырзакент поселкасының әкімі, іріленген Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары, Мақтарал аудандық мәслихаттың хатшысы, Мақтарал ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Қазіргі таңда «Олжалы-2» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқаруда.