Түркістан жастары Жастар жылының ашылу салтанатын тамашалады

Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатты рәсімі өтті. Астанада өтіп жатқан форумға Түркістан облысынан бірқатар делегаттар шақыртылды. Соның ішінде – Жазира Мұхтарқызы бар. Ол 27 жасында 3 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отыр. 

Аталмыш форумда Елбасының алдында Жазира Тұрғынбаева сөз сөйлеп, Жастар жылымен құттықтап, жастарды көпбалалы ана болудан қорықпауға шақырды. 

«Мен бүлдіршіндерімнің келешегіне сенім артамын. Жастарды көпбалалы ана болудан қорықпауға шақырамын. Әр бала өз несібесімен келеді» , – деді ол. 

Елбасы Жастар жылын жариялауына орай, облыс орталығында Түркістанның жастары Жастар жылын қолдап, ізгі тілектерін білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: