Жатырды жалға алу Ислам бұған рұқсат бере ме?

1537175450_1475663130_28-e1493095150602.jpg

Шаңырақ көтергендеріне бірнеше жыл болса да бір перзентке зар болып, бала сүйе алмай жүргендер қоғамда қаншама. Ата-ана болуды армандаған ерлі-зайыптылар мұндай жағдайда медицинаның көмегіне жүгінеді. Ал медицинадан соңғы үміттерін үзгендері амалсыз әулие-әмбиелерді аралап кететініні тағы бар. Соңғы  кездері медицина саласының жетістігі дейміз бе, жатырын жалға беріп, бала босанып беретіндер жер астынан жік шыққандай пайда болды. Мұндай әйелдерді «суррогат» аналар деп атайды. Үй немесе бір затты жалға бергендей жатырын жалға бергендер қызметі үшін ақысына бір миллион теңге мен бес миллион теңгенің аралығында  сыйақы сұрайды екен.

Бүгінде Қазақстан бойынша жыл сайын 100-ге жуық генетикалық бала суррогат аналардың себепкер болуымен дүние есігін ашатын көрінеді. Бұл отбасын сақтап қалудың жеке дара жолы болғанымен, мұндай қызметке көбінесе бала тууды денсаулығы көтермейтін немесе ондай бақытты сезіну мүмкіндігінен айырылған ұзынетектілер көп жүгінетіні рас. Алайда  бүгінде суррогат аналардың көмегіне  бедеуліктен емес, «фигурасын» бұзып алуды көбірек уайымдағандықтан жүгінетіндер, тоңғанынан емес, тойғанынан секіріп жүрген қыз-келіншектер де кездесіп жатыр. Көк қағазды ұстатсаң тоғыз ай баласын құрсағында көтеріп, сау перзентті дүниеге әкелуге дайын тұрған суррогат аналар тұрғанда қиналып, ішін қампайтып жүргілері келмесе керек кейбір бикештер. 

Ислам дінінде өзгенің құрсағын жалға алу харам болып есептеле ме, суррогат аналар жайлы дін не дейді? Сіздерден осы сауалыма тұщымды жауап күтемін.

 

Амантай Сәдиев, Қаттани мешітінің наиб имамы:                              

«Некесіз жатырға ұрықты салу харам»        

- Исламда ер мен әйел некелескен болса, бірақ перзенттері болмай құрсақ көтере алмаса, еркектің ұрығын алып, әйелдің жатырына салуға рұқсат етілген. Егер некелеспеген әйелдің жатырына еркектің ұрығын салса, бұл харам болып табылады. Қазіргі тілмен айтылып жүрген суррогат аналар әлгі еркекпен төсектес болмаса да ұрығын салғаннан кейін бұл  зина болып есептеледі. Айта кетейін, суррогат анадан туылған бала некесіз болып табылады. «Суррогат» деген сөздің өзі «жасап беруші», «қызмет көрсетуші» деген мағынадан шыққан. Сондықтан бұл жерде бірінші кезекте некеге баса назар аудару қажет. Егер еркекпен некелесіп барып, жатырына ұрығын салатын болса бала табудың таза жолы болар еді. Некелескеннен кейін суррогат аналар «суррогат» емес, некелі жары болып қалады.

Мұрағаттан, 13.01.2014 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ораза кестесі - 2019: Қызылорда қаласы
  • Ораза кестесі - 2019: Павлодар қаласы
  • Ораза кестесі - 2019: Жаңақорған кенті
  • Ораза кестесі - 2019: Жаңатас қаласы
  • Ораза кестесі - 2019: Жетісай қаласы
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: