Тасқа біткен жауқазын

Oinet.kz 01-12-2023 279

Жер-Ана. Сол жерді басып жүрудің өзі қандай бақыт?! Біреулер бар бақытын бағаламай, көкке қарай қол созады. Ал, енді бір жандар сол бақытқа қол жеткізе алмай, әлденені көңіліне медеу тұтады. Сонда да болса, өмір үшін күресін тоқтатпай, қайсарлық танытып, пенделік өмірге биіктен қарайтындар бар.

Screenshot_30.jpg

Сондай жанның бірі Эльмира Омарбекова денсаулығындағы мініне қарамастан, өмірден түңілген емес. Оның өміріне үңілсеңіз, үлгі аларлық талай қасиетін байқайсыз. Ол: «Өмірден өзімнің көргендерімді кино арқылы көпшілікке көрсеткім келеді», - дейтін. Ойы іске асып, 2008 жылы өз өміріне құралған «Ая... Өмірге құштар қыз» атты деректі фильм жарыққа шықты. Онда мүгедек ғұмырдың мұңын арқалаған қыздың өмірге деген шексіз махаббаты суреттеледі. Жуырда Эльмира жаңа қырымен тағы да танылды. Алматыдағы «Арыс» баспасынан «Тасқа біткен жауқазын» атты кітабы жарық көрді. Кітапқа ақын қыздың жан дүниесінен туған мұңлы һәм ойлы жырлары, балаларға арналған өлеңдері, жұмбақтар мен қанатты сөздері енген. Қайсар қыздың қанатынан туған дүниелерден айтары барын аңғару қиын емес.

Эльмира Омарбекова «Тасқа біткен жауқазын» атты кітабындағы бір өлеңінде:

 Алтын да тереңде жатпай ма,

 Ерінбей іздеген таппай ма?

 Арманға қолыңды созбасаң,

 Қол ұшын беретін бақ қайда? – деп жазыпты. 

Міне, бұл анықтауды қажет етпейтін ақиқат. Өмірде мүгедектіктің мұңын арқалаған қыз сонша әлсіз емес. Тірліктің бітпейтін әуресі тік жүргендердің де жүйкесін жұқартып, жігерін құм ететін тұстар аз ба? Ал Эльмира болса өршіл, өжет мінезбен біздерді өрлікке шақырады.

«Қайыңмен сырласу» атты өлеңінде:

 Шексіз күнді, шексіз түнді тілеймін пәк бойыңа,

 Жат ниеттер келген емес адалдықтан ойыма.

 Сезім нәзік, жүректегі сырларымды ашайын,

 Мынау көркем тірлік үшін жырдан сая жасайын – дейді. 

Эльмира расында мынау ғаламға, жырдан сая жасауды өзіне мақсат еткен сыңайлы. Оған ақынның жырға деген сүйіспеншілігі, соның куәсіндей бір жылда шығарған екі бірдей жинағы және қолыңыздағы кітап дәлел. Иә, бұл оңай еңбек емес. Дені сау адам үшін де ой еңбегінің ауырлығы айтпаса да түсінікті. Қайсар қыз кітабының атын «Тасқа біткен жауқазын» деп бекер қоймаса керек.

 Ақын жүрек тоқтамайды ел десе,

 Несі ақын елге көңіл бөлмесе.

 Жер бетіне тигізер жыр пайдасын

 Аспандағы қара бұлттай селдесе.

Бұл жыр жолдарынан ақынның мүмкіндігі шектеулі болса да ел-жұртының алдындағы перзенттік қарызын жыры арқылы өтесем деген ізгі ойын аңғарып алу қиын емес. Енді «Жеңіс» кітабынан бір шумақ оқиық:

 Еңбегімен ерен әрбір азамат,

 Тәуелсіздік берік туын қадап ап.

 Қанша қанмен қорғалған бұл туған жер,

 Бабалардан қалды қанша аманат.

Өмірге құштар қыздың туындылары кез-келгенді өзіне тартып алып, тәнті етеді. Оқып көріңіз. 


ҚАЙЫҢМЕН СЫРЛАСУ

Ақ қайыңдар, жас қайыңдар, арманымды тербеңдер

Жапырақтай жанымды ұғып тұнық сырмен зерлеңдер.

Ойланайын, толғанайын, жырлар жазып берейін,

Өздеріңдей мәуелейін өссін менің мерейім.


Тамаша бір өмір көрем сендердегі әр сағақтан,

Жаратушым шексіз cүйіп жасыл бояу жалатқан.

Сенің гүлің күн қонған шық төгілген жер бетіне,

Қайсарлықпен шыдайсыңдар жел-жаңбырдың өтіне.


Шексіз күнді, шексіз түнді тілеймін пәк бойыңа

Жат ниеттер келген емес адалдықтан ойыма.

Сезім нәзік жүректегі сырларымды ашайын,

Мынау көркем тірлік үшін жырдан сая жасайын...


ДҮНИЕ СҰЛУ

Керемет, дүние сұлу жаратылған,

Сүйемін, сүйем оны ар атынан.

Көлдері, шөлдері бар, тау, тасы да,

Жапырақ бар ағашқа таратылған.


Табиғат бардың аты, жанның аты,

Сай мен қыр қосылғанда жер – жанатты!

Көктем сырғып түскенде қырдан алғаш,

Еріп тұр көк мұз бенен қар қабаты.


Басталған содан әннің, жырдың басы

Сылдырап аққан суда ел жағасы.

Жүгірген балалардан жер қарайып

Бәйшешек гүлін сыйлап жолын ашты.


Мұнан да кереметтен бағын тапты

Көктем келіп махаббатты жақындатты.

Болашақпен жастық шақ қауышпақшы

Бір өмірден бір өмір жалғаспақшы.


Түн айға, ай күнге сыр ашпақшы

Тау, өзен айналаға қарамақшы.

Ақ қайыңдар жағалай бой түзеп,

Тербелгенде күн иіліп нұрын шашты.


ӘКЕМ ЖҰМСАҚ ЖҮРЕГІНЕН НЕ ТАПТЫ

Әкем жұмсақ жүрегінен не тапты,

Жүрегінен сөйлетті досты қатты.

Обал – сауап көп көрді наннан жатқан,

Тоқ баланың мастығы жанға батты.


Үлкен-кішіні құрдас ғып ойын тапты,

Өтірікті ақырын мойындатты.

Қасапшы боп көрмеді малды сойып,

Жаны ашитын мал-жанға өте қатты.


Жоғалтқан бар бауырын тапты іздеп,

Анасын көп аялады, көп құрметтеп.

Балажан боп өсірді бар баласын,

Жетім көрсе әлі де мәпелемек.


Аяуды көп бөлетін жаны нәзік,

Айта алмаудан жататын айыпталып.

Жанашырлық танытса бар жаранға,

Өмірдегі ол үшін осы бақыт!


ӨЛЕҢДЕРІМ КӨҢІЛ-КҮЙІМ, ОЙЛАРЫМ


Өлеңдерім көңіл-күйім, ойларым

Жүректегі пернелерді сөздерменен қозғадым.

Ақындықтың қай кезде кеп қонғанын

Айта алмаймын, неден қалай болғанын?


Кей күндері өзі келед толқындай

Сонда сайрап мен кетемін бір тынбай.

Кейбір мезет баяу келед жәйменен

Шабыт шаппай отырам ба, бұл қалай?


Өлеңдерім көңіл-күйім, ойларым

Мен сендерді қоямын деп, қоймадым.

Қиындықтан, басқасынан мен қашпан

Қадіріңді кетірем бе деп қорқам.


ШЫҒАРМЫН ЖАУҚАЗЫНДАЙ ТАСТЫ ЖАРЫП

Жұрт сүймес сөйлегенді бостан-босқа,

Жақсылықты қайырсыз жаннан тоспа.

Дүниеде әр нәрсенің өз орны бар,

Жең деген етек емес артық қоспа.


Тірліктен көп із көрдім сен көрмеген,

Істерім де аз емес меңгермеген.

Тағдырдың талқысына түскеннен соң,

Жүрегін біздей бейбақ, емдер немен,


Ескерместің есігі ашылды ма?

Өңкей білмес сөзін бос асырды ма?

Көрінбейтін болып жүр шын асылдар

Қалың тобыр жүздерін жасырды ма?


Қолынан түк келмейтін болдық қаріп,

Бостан-бос өтіп жатыр уақыт қарып.

Келгенде көңіліме нұрлы көктем,

Шығармын жауқазындай тасты жарып.


КӨКТЕМ

Көктем,

көктем,

күткен көптен,

Келді міне мейірін төккен.

Қара жерден алыстады,

Қар мұздардың өмірі өткен.


Жадырап бәйшешек самалға серік,

Беріп тұр көркем маңайға көрік.

Жас қыздың өңі құлпырды ғажап,

Думанға барып жеңгесіне еріп.


Көктем – нұр, көктем гүлдерін шашып,

Тасыған өзен, кемерден асып.

Көрінді көлеңке, жапырақ саялы

Қарайды көктен ай жерге ғашық.


МЕН ЕКІ АДАММЫН

Мен екі адаммын – бірі жаман, бірі жақсы

Қайсыңдамын байқап көрші, өзің тапшы.

Жаным жүдеп жабығып отырғанда,

Менің күткен күндерім есік қақшы.


Екеу болу – бөліну, сынса бұтақ жан беру,

Құлап жатса қарт, сәби бірге құлау, сүріну

Айға қарап, күнге қарап жарығын да бір көру

Сусыз қалған ағаштармен бірге өлу, бір сему.


Жек көремін мен өзімді ертеп кетер ермелік,

Бар айтқанға ақыл болса білмей жатып сенбілік.

Сабыр тұрып сандаламын болмай жатса болмашы

Жан қиналып өлгім келед, қанша тұрсын «өлмелік».


Досым да, жоқ жалғызбын, жалғыздық – бас семіртпес,

Ойымды да, ойым басқан, ой көтеріп жүгіртпес.

Естілмейтін естіп тұрып сөз де, басқа ондайда

Қалып қойған мұхитынан жартастаймын көз сүймес.


МАХАББАТТЫҢ ЖЕЛБІРЕСІН ЖАЛАУЫ

Бұл өлеңім, болса деймін сізге ем

Бәріміздің бағымыз бар іздеген.

Бұлқынады бұл жүрегім туа асау,

Мойнымды ұсынбаймын күзге мен.


Ақын жүрек тоқтамайды ел десе,

Несі ақын елге көңіл бөлмесе.

Жер бетіне тигізер жыр пайдасын,

Аспандағы қара бұлттай селдесе


Ақын жүрек әппақ арман, алауы,

Ақындардың болсын дайым қалауы.

Бақыт сыйлап мынау нұрлы ғаламға,

Махаббаттың желбіресін жалауы.


НЕГЕ ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН

Мен неге өлең жазбайын,

Жабығу жанға жараспас.

Жаман боп жасып тозбайын,

Менімен ешкім таласпас.


Сыр ашып жырға жылайын,

Досым боп мәңгі қалады.

Көп болып мейлі құрғайын,

Жанымды аққу алады.


Сыр ашып жырға жылайын,

Досым боп мәңгі қалады.

Көл болып мейлі құрғайын,

Жанымды аққу алады.


Өмірге жүрек сыздайды,

Жарым боп бүтін жүр әні.

Бойыма менің күш берер,

Таулардың өжет қыраны.


Тоңады жаным кей-кейде,

Суынып жазы күзіңдей.

Бітірсем деймін бірдеме,

Күз келмей тұрып үзілмей.


МЕН ОТЫРАМ КЕСТЕЛЕП АЯЗ САЛҒАН СУРЕТТІ

Түскен тезек тапталып қой астынан табылған

Сары түске боялып, тегін отын жағылған.

Күшті қызу, салмағы ағаштан да ауырдан

Ерте заман адамдар барлық отқа табынған.


Түссе шоғы тапа нан, піскен тандыр, жаппа да

Тіске жұмсақ, балдай дәм, сүйек қайнап жатса да.

Аппақ сүттің базары таусылған ба, өзінде

Сары судан арылып құрт болады қалтада.


Қызуына тең бөліп жүн қайнаған бояуда

Қызыл, сары, көк бөлек табында тұр, бұлауда.

Жүн шығады гүл жайнап түрге сіңген мақталып,

Түрі болар ою салмақ киіз жұмсақ, жылы да.


Жылу берген, қызуда үйге, күйге ертеден

Жарық сәуле ойнайтын бала күнде пештерден

Мен отырам кестелеп аяз салған суретті

Анам жиған дестелеп тезек бітсе, бұл – көктем!


ЖАРЫҒЫМ ЖЫР

Аспан, жерді жаратқан құдіретті

Содан бері есепсіз мезгіл өтті.

Кешегі бар, бүгңн жоқ адамдарға,

Мұның сырын ойланар уақыт жетті.


Ойламады ой басқа келеді деп,

Менен жүйрік озады көреді деп.

Қызық сәтке алданып, аяғы жоқ,

Кейбіреулер өзімшіл болады тек.


Алға баста азды-көп бөлер сырын,

Нелерде де кімдер барар қарар қырын

Қараңғы қарамай жүре бердім

Жарығым-жыр төгеді әлі нұрын.


КІТАПТАР

Кітаптар ескі сарғайып,

Дүниедей барад бір ғайып.

Қолына алып қаламын,

Кетіп ед дана хат жазып.


Қай дәуір, ғасыр болмасын,

Толқындай сөзді толғасын.

Қазына-мұра ұрпаққа,

Әр бетін оқып, қорғасын.


ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ

Желтоқсан желі жандырды,

Жанымнан жарқын жалынды.

Жағымпаз жыл жапқан жабуды.

Жетпіс жыл жапқан жабуды.


Жөргегім жұпар жайылды,

Жасырын жаулық жамылды.

Жетпеген жерге жеткіздім,

Жауға жықпай жанымды.


Жомарттық жансақ жантайды,

Жастығы жайлы жалпайды.

Жеруге жетті жағымсыз,

Жарына жығып жағдайды.


Жеңіне жеңді жалғайды,

Жалғанға жанын жалдайды.

Жегенде жемге жетпеген,

Жылқыны жеккен жолдай-ды.


Жөн-жосық жорға жасынан,

Жығылса жарды жасырған.

Жоқ-жітік, жарлы жабыққан,

Жылаған жауын жасынан.


ЖАС ӘКЕ МЕН БАЛА

Жас бала бір келеді «әкесімен»,

Бірін-бірін жаңа көрген жат есіммен.

Әке сөйлеп балаға сөз бастады:

Алты жасар балаға сәлем берем.


Бала ұялып, қысылып, сәлем берді.

Маңдайынан иіскеп аға тұрды,

Көк галстук көзге түскен желбірінді.


Жас әкенің көзіне жас үйірілді,

Азат еткен көк туын бала ілді.

Бауырына, жүрегіне басқандай тұр

Көк байрағы желбіреген туған елді.


Сұрауы бар баланың жанарында,

Әкенің бар айтары жыларында.

Сөзін бастап балаға әке отыр

Болар ма екен бір жақсы жауабында.


Ата-бабаң жеткізген осы күнге,

Жанын берген қорғаған табан жерге.

Сүйеніш қып, таяқты малды баққан

Жау боп, шауып жүрмеді басқа елге.


БІР АРМАНҒА БІР АРМАН

Бір арманға бір арман жалғап келем,

Тура жолды өзіме таңдап келем.

Талай істің өзінен озып шығар,

Сұрағына өлеңнің жауап берем.


Сізді көру біріншісі асыл арман,

Елестетем Орданы қабылдаған.

Жиырма жыл ма, жиырма жыл күттім, сендім,

Несіп қылса бір Алла орындалған.

Арманымды екінші айтсам болар,

Қолжазбамнан туынды кино туар.

Асқақтаған арманым бала күннен,

Кемтарлыққа теңдікті жаным сұрар.


Үшіншіні келесі жалғай берер,

Бақыт деген адамға өмір сүрер.

Үйім болса гүл толы, жарық, жылы,

Қайрымды жандармен күнім күлер.


СОҒЫС – ЗҰЛМАТ КЕЛГЕНДЕ

Соғыс алғаш басталғанда,

Ел ұйқыда жатқанда.

Ажал төнді әрбір жанға

Аждаһа от шашқанда.


 Түнді бұзып ұйқысынан,

 Таң да атты шошынған.

 Тіршіліктен аттаған жау

 Ізінде от қалдырған.


Биік тауға қол жетпеді,

Басқадан оқ кетпеді.

Атып жатыр көздемей-ақ,

Жарылыста жер беті.


 Көктен жауған оқтан, өрттен

 Қашқан қайда, жүр шетте.

 Орман, тоғай жанып жатыр

 Өзен, көлде жоқ өткел.


Қашып жатыр, сасып, лағып,

Амандықты жан бағып.

Адамдар не, аң-жануар

Жүгіреді жан ұшырып.


 Шілде басы, жаздың іші,

 Жайнағанда гүлдері.

 Таптағанды, жаншығанды,

 Тамыр ғана көрмеді.


Талай жандар өлім құшты

Жазықсыз-ақ көз жұмды.

Оқпен қазған молаларға

Топырақсыз көмілді.

Отырардың өр қызы
Боямасыз болмыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу