Шымқалада заманауи мектептер көбеюде

Oinet.kz 18-05-2023 397

Шымкент қаласындағы білім беру саласындағы оқу бағдарламасында үлкен серпіліс бар. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, өңірдің білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға беру жоспарланған.

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім саласына баса мән берді. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» дейді Президент.

Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Осыған байланысты қаламызда балалардың бос уақытын тиімді үйлестірудің бірнеше жолы қаралып, арнайы орталықтар салу қолға алынған еді. Дәлірек айтсақ, осыған дейін білім саласында басты мақсат оқушыға нақты білім, ғылым негіздерін оқыту болып келген. Ендігі кезекте балаларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелей отырып олардың бойындағы рухани танымы қалыптасқан, Отанын сүйетін патриот, жеке тұлға етіп тәрбиелеу мәселесі тұр. 

Яғни, еліміздің ертеңі қандай болатыны жастарымыздың бойына қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Сондықтан да болашағымыз жастар үшін бой көтеріп жатқан жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды. Сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жаңа модификацияланған кабинеттермен қамту қарқынды өсуде. 141 мектепке 320 интерактивті панель орнатылды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72 пайыздан 85 пайызға өсті. Білім ұйымдары аумағында соңғы үлгідегі спорт алаңшаларымен қамту биыл 100 пайызға аяқталады, - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар қаладағы үш ауысымда білім беретін №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына аяқталып, пайдалануға берілмек. Осылайша үш ауысымды мектеп мәселесі биыл толық шешімін таппақ.

Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді
ShymQala – там, где витает дух истории
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу