Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді
АБЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз).
Сонымен қатар, қажетті ақпаратты дауыстық және дауыстық емес байланыс арналары арқылы алу мүмкіндігі бар. Мысалы, Қор операторларынан 1418 қысқа нөмірі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Қоңырау шалу тегін және еліміздің кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірлерінен, сондай-ақ, стационарлық (қалалық) телефоннан қолжетімді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ғана 95 мыңнан астам осындай қоңырау шалулар өңдеуден өтті.
Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған «Онлайн қоңырау шалу» сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ-ның Қашықтықтан кеңес беру департаменті зейнетақы қызметтерін телефон байланысы желісі арқылы ұсынумен қатар, Қордың веб-сайтында немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында орналастырылған дауыссыз байланыс арнасы -- «Бізге жазыңыз» электрондық қызметі, Chat2Desk, What's Aрр, Viber чат, Telegram сияқты виртуалды сервис мессенджері, Facebook, ВКонтакте, Instagram, Тik Tоk әлеуметтік желілеріне берілетін жеке өтініштер, не Қордың enpf@enpf.kz ресми Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындай тәсілмен 35 мыңға жуық сұраныс өңделді.
БЖЗҚ өз қызмет түрлерінің тұтынушыға қолжетімділігін одан әрі жақсарта береді. Хабарласыңыз, біз Сізге міндетті түрде жауап береміз!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).