Шымкент қаласындағы «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-де сұраныстағы бұйымдар шығарылады

Oinet.kz 18-05-2023 365

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «TABA INDUSTRIAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аймақ экономикасын зор үлес қосып отырған компанияның бірі. 

Screenshot_57.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту. Осы бағытта бүгінгі таңда Шымкент қаласында қолайлы индустриалды экономикалық аймақ қалыптасып отыр. Осы аймақта өзіндік орны бар «TABA INDUSTRIAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

- «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан ондаған компанияның ішінде «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-нің орны ерекше. Бүгінгі таңда 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестіктің жолалық құны 510 миллион теңгені құрайды. Мұнда өндіріс бес бағытта дамуда. Өндіріс көлемін арттыру компанияның басты міндеті, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. 

 Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, бұл компания жылына 530 мың данадан астам халықтың сұранысына ие, тұрғындардың күнделікті тұрмысына қажетті бұйымдар шығарып, өнімділікті арттырумен келеді. Зауыт өндірісі бес бағытта жүргізілуде.  

Серіктестікте жылына 150 мың дөңгелек, 300 мың бақша арбасы, 60 мың баспалдақ, 15 мың киім жаймасы мен 10 мың үтіктеуіш заттар шығарылады. 

Нарықта бұл заттарға сұраныс жоғары. Компанияның зауытынан шыққан өнімдер Түркістан облысы мен көрші облыстардың барлығына өткеріледі. Ел көлемінде тапсырыс берушілер бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикамыз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуі керектігін тапсырған еді. Осындай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін мемлекеттік бағдарламалар осындай жұмыс істеп тұрған компаниялардың да әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бір атап өтерлігі, мұндағы нарық бағамы жүйелі. Компания өнімдерін шаһар тұрғындары мен облыс азаматтарына делдалсыө өткеру жүйесін де қарастырып қойған. Электронды түрде тапсырыс қабылдап, көп молшерде тапсырыс берген кәсіпкерлерге жеткізіп беру қызметімен де айналысады. Зауыт өнімі еліміздің барлық аймағына шығарылып отыр екен. 

Шымкент қаласында «Шымкент химиялық компаниясы» ішкі нарықтың 80 пайызын өз өнімімен қамтуда
Шымкент қаласында мал тоғыту жұмыстары басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу