Шымкент қаласында «Шымкент химиялық компаниясы» ішкі нарықтың 80 пайызын өз өнімімен қамтуда

Oinet.kz 18-05-2023 270

Шымкент қаласындағы индустриалдық аймағында салмағы жоғары зауыттың бірі – «Шымкент химиялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұнай, газ саласында өзіндік орны бар серіктестік автомобиль өндірісінде қолданылатын маңызды шикізат өңдеп, ел нарығының 80 пайызын қамтып отыр.

Screenshot_56.jpg

Металлтредбутилэфирін шығаратын өндіріс ошағы жылына 57 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.

Серіктестіктің бас директоры Манат Бибасовтың айтуынша, металлтредбутилэфирі бензин өндіру үшін пайдаланылады. Ол автомобиль бензинін өндіруде  қолданылатын оттегісі жоғары актонатты компаненттердің бірі. Ол бензиннің толық жануына ықпал етеді екен.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында индустриялық аймақты дамыту үшін арнайы экономика аймақ  құру қажеттігін Үкіметке тапсырған болатын. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында құрылып отырған бұл аймақтың жұмысы жанданып, өндіріс көлемі артып келеді. Біздің кәсіпорын мұнай химия кешенінде жұмыс істейді. Зауыт мұнайды тереңірек өңдеуге бағытталып салынған. Жанымыздағы «Шымкент мұнай өңдеу» зауытынан шыққан сұйытылған мұнай газын ары қарай өңдеп  металлтредбутилэфирін шығарамыз. Бұл техникалық сапасы жағынан «ЕВРО-4», ЕВРО-5» стандартындағы бензиндерді шығаруға пайдаланатын өнім. Бұл республикадағы осындай өнім өндіретін ірі екінші кәсіп орын, - дейді серіктестіктің бас директоры Манат Бибасов.

Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. Жұмысшылары жергілікті тұрғындардан құралған. Компанияның негізгі мақсаты ішкі өндірісті қамтамасыз ету. Одан артылған өнімді шетелге экспорттайды. Зауыттың өнімі негізінен Ресей, Өзбекстан, Беларус пен Литва мемлекеттеріне экспортталуда.  

Серіктестікте 132 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Бас директордың айтуынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында зауытта 40 мың тонна металлтредбутилэфирі шығарылыпты. 

- Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау көп. Біз оңтүстік индустриалды аймағының мүшесі ретінде тіркеліп, үкіметтен кәсіпкерлерге жасалып отырған барлық қолдауды көріп отырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда тапсырған міндеттерін басшылыққа алып, ішкі нарықты барынша өз өнімімізбен қамтудамыз. Шетелдік компаниялармен де бірлесіп, бірнеше жобаның аясында жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Франсуздық әріптестеріміздің де көмегі көп. Қалай дегенмен біз тұтынушыларымызға сапалы өнім ұсынып, ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықта да кәсіпорын имиджін қалыптастырудамыз, - дейді «Шымкент химиялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Манат Бибасов.

Шымкент қаласында «Электрзавод сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс қуатын арттыруда
Шымкент қаласындағы «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-де сұраныстағы бұйымдар шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу