Шымкент қаласында шаруалар бас қосты
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруа қожалық төрағалары бас қосты. Бас қосуда инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу барысы талқыланды. Ол жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновте қатысты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға басымдық беріп отыр. Яғни, шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен бизнес саласын көтеру бүгінгі күні алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Шынын айту керек, қазір инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы орынға ие екені белгілі. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде қаламызда инвестклимат жақсарып, калыптасып келеді, - дей келіп, Мұрат Дүйсенбекұлы шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты.
Бұдан кейін қала әкімі ауыл шаруашылығы және шаруа қожалық жетекшілерімен бірлесе отырып, осы саладағы мәселелерді талқылады. Мәселен, бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін егу адам азғасы үшін пайдалы, әрі нарықта жиі сұранысқа ие. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сұрыптарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болатыны айтылды.
Салат көкөнісінің сорттары, соның ішінде райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пиязды ашық далада өсіру ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде халық сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді
Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылар мен мамандары, шаруа қожалығының диқандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтты.